Қысқы кезеңде жылу жүйесінде ақау орын алып, төтенше жағдай туындаса, қызметтер қалай әрекет етеді? Осы сценарий Шымкентте «Қыс–2026» қалалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында пысықталды.
Қаратау ауданындағы «Қуатжылуорталық» ЖШС-ға қарасты қазандықта шартты өрт орын алып, жылу энергетикалық жабдықтары істен шықты. Салдарынан бірқатар көпқабатты тұрғын үйлерге жылу беру тоқтады.
Осы жағдайда қызметтердің жедел әрекеті, қазандық жұмысшыларын эвакуациялау, тұрғындарды эвакуациялау жинау пунктіне жеткізу, өртті сөндіру және жылумен жабдықтауды қалпына келтіру бойынша іс-қимылдар пысықталды.
Оқу-жаттығуға Қаратау ауданы әкімдігі, аудандық ТЖ басқармасы, жедел-құтқару жасағы, Полиция департаменті, Білім және Денсаулық сақтау басқармалары, «Қуатжылуорталық» ЖШС авариялық бригадасы мен коммуналдық қызметтер қатысты.
Мұндай оқу-жаттығулар қысқы кезеңдегі ықтимал төтенше жағдайларға дайындықты арттырып, қызметтердің өзара үйлесімді әрекетін жетілдіруге бағытталған.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









