Әдістемелік кеңес отырысында ауданның білім беру жүйесін дамытуға қатысты өзекті мәселелер қаралды.
*Күн тәртібінде:*
🔹 2026–2027 оқу жылының I тоқсаны бойынша білім алушылардың білім сапасына жүргізілген мониторинг қорытындылары.
🔹 Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың заманауи тәсілдері.
🔹 Педагогтерге халықаралық зерттеулерге дайындық бойынша әдістемелік қолдау көрсету.
🔹 Тиімді педагогикалық тәжірибені тарату.
Отырыс барысында педагогтер мен директорлардың орынбасарлары өздерінің жұмыс тәжірибелерімен бөлісіп, оқу үдерісін ұйымдастыру, BilimClass электрондық журналын жүргізу, диагностикалық жұмыстарды өткізу және білім сапасын арттыру бағытындағы тиімді әдіс-тәсілдерін таныстырды.
Сонымен қатар, жаңа жылдық іс-шараларды ұйымдастыру, аудан педагогтері мен білім алушыларының конкурстарға, олимпиадаларға және басқа да білім беру іс-шараларына қатысу мәселелері қарастырылды.
Отырыс қорытындысы бойынша білім сапасын арттыруға, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға және тиімді тәжірибелерді таратуға бағытталған алдағы міндеттер мен әдістемелік жұмыстың басым бағыттары айқындалды.
Тәжірибе алмасу, бірлесіп шешім қабылдау және кәсіби өзара ынтымақтастық – заманауи білім беруді дамытудың маңызды шарттары!
#ӘдістемелікКеңес #БілімБеру #ШалАқынауданы #ӘдістемелікЖұмыс #БілімСапасы
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









