Ақтөбе қаласындағы №27 мектеп-лицейде «Жас сақшы» кадет сыныбы ашылды. Оның құрамына 6-сыныптың 34 оқушысы қабылданды.
Кадет сыныбы «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, «Заң және тәртіп» бағыты бойынша құрылған. Жобаның негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, заңға құрметпен қарауға, азаматтық жауапкершілік пен отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Салтанатты ашылу рәсіміне оқушылар, ата-аналар және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.
Шара барысында жас сақшылар ант қабылдап, оларға арнайы куәліктер табысталды.
Кадет сыныбында оқушылар құқық қорғау органдарының қызметімен танысып, заңнама негіздерін, қоғамдық қауіпсіздік және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелерін меңгереді.
Жобаның мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру және олардың заң мен тәртіпті сақтауға деген жауапкершілігін қалыптастыру.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








