Полиция жұмысына кедергі келтірген азамат 10 тәулікке қамалды

    Қызметтік міндеттерін атқару барысында патрульдік полиция қызметкерлері олардың жұмысына қасақана кедергі келтіріп, жанжал шығарған азаматты кезіктірді.

    Құқық бұзушы 1995 ж.т. Алтай Аманқосов полицейлердің құқыққа қайшы әрекеттерді тоқтату туралы бірнеше мәрте қойған заңды талаптарына бағынбай, арандатушылық әрекеттерін жалғастырған. Сондай-ақ полиция қызметкерлерімен сөзге келіп, олардың қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтірген.

    Осыған байланысты азамат полиция бөліміне жеткізіліп, жинақталған материалдар соттың қарауына жолданды.
    Сот қаулысымен құқық бұзушыға 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

    Полиция ескертеді: қызметкерлердің заңды талаптарын орындау – әр азаматтың міндеті. Олардың әрекеттерімен келіспеу қоғамдық тәртіпті бұзуға, жанжал шығаруға немесе қызметтік міндеттерін атқаруына кедергі келтіруге негіз болмайды.

    Полицияның заңды жұмысына кедергі келтіру әрекеттерінің жолы кесіліп, кінәлі тұлғалар заңнамада белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысының Полиция департаменті" жаңалықтары