Ақтөбеде лифтімен «жұдырықтасқан» жас жігіттер қамауға алынды

    Әлеуметтік желілерді мониторингілеу барысында жас жігіттердің көпқабатты үйдің лифтін қасақана бүлдірген сәті түскен бейнежазба анықталды.

    Оқиға 18 қарашада түнгі мезгілде Ақтөбе қаласындағы 11-шағын ауданда болған. Бейнежазбада лифтіге мінген үш жігіттің бірі оның есігін аяғымен бірнеше рет қасақана теуіп, жұдырығымен ұрғаны көрсетілген. Салдарынан лифт есігінде ақау пайда болып, тұрғындар оны уақытша сөндіруге мәжбүр болған.

    Полиция құқық бұзушылардың жеке басын жедел анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Лифтіні қасақана бүлдірген сол үйдің тұрғыны Құрақбаев Бекзат (2000ж.т.) болып шықты. Оған және Ақтөбе облысының тұрғындары Торымов Азамат (2001ж.т.) пен Жолдыбай Саламатқа (2000ж.т.) қатысты полиция әкімшілік заңнаманың үш бабы бойынша әкімшілік материал жиналды: қоғамдық орында алкогольдік мас күйде жүру, тыныштықты бұзу және ұсақ бұзақылық.

    Нәтижесінде сот шешіммен құқық бұзушылардың үшеуі де әкімшілік қамаққа алынды. Лифтімен «жұдырықтасқан» жігіт 10 тәулікке қамалса, қалған екеуін 5 тәулікке қамауға шешім қабылданды.

    Полиция барлық тұрғындарды заң мен тәртіпті сақтауға шақырады. Әрбір заңсыз әрекет – заңды жауапкершілікке әкеледі.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысының Полиция департаменті" жаңалықтары