Әуезов ауданында заңсыз орналасқан сауда нысандары алынып тасталуда

    1 / 5

    Алматы қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес, Әуезов ауданында заңсыз орналасқан стационарлық емес сауда нысандарын демонтаждау жұмыстары жалғасуда.

    Әуезов ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен 3-шағынаудан мен Жетісу-2 шағынауданында орналасқан сауда нысандары алынып тасталды.

    Аталған шаралар қоғамдық кеңістіктерді ретке келтіруге, ауданның сәулеттік келбетін жақсартуға және тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған.

    Бұл бағыттағы жұмыстар аудан аумағында жүйелі түрде жалғасады.

    Толығырақ: https://www.instagram.com/reel/Df9chJcNX0Z/?utm_source=ig_web_copy_link&evlk=MzRlODBiNWFlZA==&avpt=MzRlODBiNWFlZA==

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Әуезов ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары