Әуезов ауданында әскерге шақыру науқанының барысы талқыланды

    1 / 3

    Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Бану Манапованың төрағалығымен азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру мәселелеріне арналған жұмыс кеңесі өтті.

    Жиынға Әуезов ауданы Полиция басқармасының қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің басшысы, аудандық қорғаныс істері жөніндегі басқарманың басшысы және шақыру комиссиясы медициналық комиссиясының төрағасы қатысты.

    Кеңес барысында әскерге шақыру науқанының қазіргі барысы, жоспарлы көрсеткіштердің орындалуы және ұйымдастыру жұмыстарының тиімділігін арттыру мәселелері қаралды.

    Атап айтқанда, әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтарды уақтылы хабардар ету, медициналық тексеруден өткізуді ұйымдастыру және жауапты мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды күшейтуге ерекше назар аударылды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Әуезов ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары