«Қазақстан ветеринария конгресі» республикалық қоғамдық бірлестігі ФАО-мен бірлесіп, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетімен келісу бойынша бруцеллезге қатысты білім деңгейін, көзқарас пен тәжірибені зерттеу жобасын жүзеге асыруда.
Жоба аясында Қостанайоблысындатұрғындардың бруцеллез туралы хабардарлығын арттыру және аурудың таралу жолдары мен алдын алу шараларын түсіндіру мақсатында оқыту тренингтері өткізілді.
Іс-шараларҚостанай облысыныңауылдарында ұйымдастырылып, ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне бруцеллездің адам мен жануар денсаулығына қауіптілігі, негізгі белгілері және ветеринариялық-санитариялық талаптарды сақтау қажеттілігі түсіндірілді.
Сонымен қатар, аудандық ветеринариялық станция базасында ветеринариялық дәрігерлерге арналған тренинг өткізіліп, аурудың алдын алу, ерте анықтау, диагностикалық зерттеулер жүргізу және жануар иелеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізу мәселелері талқыланды.
Мұндай іс-шаралар мамандар мен тұрғындардың білімін арттыруға, зооноздық аурулардың алдын алуға және өңірдегі эпизоотиялық тұрақтылықты сақтауға ықпал етеді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








