Ауылдық жерлерде мал ұрлығының алдын алу және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері бойынша жұмыс кездесуі

    2026 жылғы 09 қарашада Қостанай облысы полиция департаментінің алаңында Қостанай облысы әкімдігі ветеринария басқармасының басшысы Т.К. Иманбаев пен государственный орган қызметкерлерінің қатысуымен ауылдық жерлерде мал ұрлығының алдын алу және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті.

    Кездесу барысында малды ұрлауға ықпал ететін негізгі себептер мен жағдайлар, оның ішінде малды бақылаусыз жаю, малды уақтылыбірдейлендіру мен есепке алудың болмауы, сондай-ақ мал мен ет өнімдерін тасымалдау кезінде бұзушылықтар қаралды.

    Ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту, халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізу,ауыл шаруашылығы жануарларын толық есепке алуды және ветеринариялық-санитариялық талаптарды сақтауды қамтамасыз ету қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

    Кеңес қорытындысы бойынша полиция, ауыл шаруашылығы және ветеринариялық қызмет өкілдерінің қатысуымен ауылдық округ тұрғындарымен, шаруа және фермер қожалықтарының басшыларымен бірлескен көшпелі кездесулер ұйымдастыру ұсынылды.

    Сондай-ақ ауылдық округтер әкімдері мен учаскелік полиция инспекторларының қатысуымен жергілікті жерлерде профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын күшейту ұсынылды. Бұл ретте ауыл шаруашылығы жануарлары иелерінің мал жаюды ұйымдастыру талаптарын сақтауына, жануарлардың бақылаусыз орын ауыстыруына және қараусыз қалуына жол бермеуге, сондай-ақ жануарларды міндетті түрде бірдейлендіруге және есепке қоюға ерекше назар аудару қажет. https://www.instagram.com/p/Dfl4zG1EV4H/?img_index=1

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" жаңалықтары