Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы
Басқарма туралы
«Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты дамытуға және жетілдіруге жәрдемдесу болып табылады.
Қостанай облысы әкімдігі ветеринария басқармасының басшысы Т.К. Иманбаев жұмыс сапарымен Алтынсарин ауданына барды. Аудан әкімімен бірлесіп, ветеринариялық объектілердің, оның ішінде мал қорымдары мен ветеринариялық пункттердің құрылыс барысына мониторинг жүргізіліп, ауданның сүт-тауар фермалары араланды. Сапар барысында құрылыс жұмыстарының мерзімдері мен сапасына, сондай-ақ ветеринариялық-санитариялық талаптардың сақталуына ерекше назар аударылды. Тексеру қорытындысы бойынша өзекті мәселелер талқыланып, оларды шешу жөнінде тиісті шаралар айқындалды. Ветеринариялық инфрақұрылымды дамыту және өңірдің эпизоотиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері Ветеринария басқармасының тұрақты бақылауында.
2026 жылғы 09 қарашада Қостанай облысы полиция департаментінің алаңында Қостанай облысы әкімдігі ветеринария басқармасының басшысы Т.К. Иманбаев пен государственный орган қызметкерлерінің қатысуымен ауылдық жерлерде мал ұрлығының алдын алу және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті.Кездесу барысында малды ұрлауға ықпал ететін негізгі себептер мен жағдайлар, оның ішінде малды бақылаусыз жаю, малды уақтылы бірдейлен діру мен есепке алудың болмауы, сондай-ақ мал мен ет өнімдерін тасымалдау кезінде бұзушылықтар қаралды.Ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту, халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізу, а уыл шаруашылығы жануарларын толық есепке алуды және ветеринариялық-санитариялық талаптарды сақтауды қамтамасыз ету қажеттілігіне ерекше назар аударылды.Кеңес қорытындысы бойынша полиция, ауыл шаруашылығы және ветеринариялық қызмет өкілдерінің қатысуымен ауылдық округ тұрғындарымен, шаруа және фермер қожалықтарының басшыларымен бірлескен көшпелі кездесулер ұйымдастыру ұсынылды. Сондай-ақ ауылдық округтер әкімдері мен учаскелік полиция инспекторларының қатысуымен жергілікті жерлерде профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын күшейту ұсынылды. Бұл ретте ауыл шаруашылығы жануарлары иелерінің мал жаюды ұйымдастыру талаптарын сақтауына, жануарлардың бақылаусыз орын ауыстыруына және қараусыз қалуына жол бермеуге, сондай-ақ жануарларды міндетті түрде бірдейлендіруге және есепке қоюға ерекше назар аудару қажет.
Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы ұлттық мереке - Қазақстан Республикасы күнімен құттықтайды! Бұл күн еліміздің тәуелсіздігін, бірлігі мен болашағы үшін ортақ жауапкершілікті білдіреді. Баршаңызға зор денсаулық, отбасылық амандық, бейбітшілік пен тұрақтылық тілейміз. Қазақстан өркендесін, және де әрқайсымыздың еңбегіміз еліміздің дамуы мен әл-ауқатына ықпал етсін!
2026 жылғы 14 қазанда әкімшілік бөлімінің басшысы Нурлумбаева Айгуль Тауекеловна және бас маманы Сулейменов Аскар Газизович «Cyber Security Conference» конференциясына қатысты. Іс-шараның негізгі тақырыбы қазіргі заманауи киберқауіптерге қарсы іс-қимыл, дербес деректер мен ақпараттық жүйелерді қорғау, сондай-ақ интернет-алаяқтық пен киберқылмыстың алдын алу мәселелері болды. Мұндай іс-шараларды өткізу мамандардың цифрлық ортадағы заманауи қауіптер туралы хабардарлығын арттыруға және ақпараттық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
2026 жылғы 1 қазанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған Республикалық пікірсайыс өтті. Пікірсайысқа Ветеринария басқармасының мамандары Снигур Петр Анатольевич пен Иргибаева Дариха Жусипбековна қатысты. Іс-шара аясында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың, мемлекеттік қызметшілерді ротациялаудың, жасанды интеллектті қолданудың және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың өзекті мәселелерін талқылады.
Басқарма ұжымы аға ұрпаққа көп жылғы адал еңбегі, кәсібилігі және облыстың ветеринариялық қызметін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін алғысын білдірді. Осы мереке күні ардагерлерге жылы құттықтаулар мен естелік сыйлықтар дайындалды. Барлық зейнеткерлерге зор денсаулық, отбасылық амандық, рухани жылулық, жақындарының назары, ұзақ өмір және бейбіт аспан тілейміз!
Жануарларды автомобиль көлігімен тасымалдау тәртібі
Жануарларды тасымалдау кезінде олардың қауіпсіздігін, денсаулығы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету, сондай-ақ соғылу, жарақат алу, сүйек сынуы және басқа да зақымдану жағдайларының алдын алу мақсатында жануарларды тасымалдау қағидалары әзірленді. Жануарларды тасымалдау кезінде жануардың иесі және (немесе) жауапты тұлға келесіні қамтамасыз етуі қажет: 1) ветеринария саласындағы заңнамаға сәйкес жануардың ветеринариялық құжатының болуын; 2) жануарлардың азыққа, суға, ауаға және қозғалысқа деген қажеттіліктерін қанағаттандыруды, сондай-ақ оларды зиянды сыртқы әсерлерден қорғауды. Көлік құралының кеңістігі тасымалданатын жануарлардың биологиялық, түрлік және жеке ерекшеліктеріне сәйкес болуы тиіс; 3) тасымалданатын жануарлардың жолаушылар мен көлік қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеуін. Жануардың иесі және (немесе) жауапты тұлға айқын ауру белгілері бар жануарлармен (ашық жаралар, іріңдеу, теміреткі, жағымсыз иіс), сондай-ақ агрессивті немесе мазасыз мінез-құлық танытатын жануарлармен жолаушыларды тасымалдауға жол бермейді. Ауру жануарлар ветеринариялық көмек көрсету мақсатында тасымалдануға жатады. Ауру жануарды тасымалдау басқа жануарлармен жанасуына жол бермеу мақсатында оқшауланған түрде жүзеге асырылады. Жануарларды тасымалдауға пайдаланылатын көлік құралы жануарларды тиеу, тасымалдау және түсіру кезінде олардың мертігуін, денсаулығына өзге де зиян келуін немесе өлуін, сондай-ақ көлік құралынан өздігінен шығып кетуін болдырмайтындай етіп жабдықталуы тиіс. Ірі және ұсақ жануарларды тасымалдау кезінде олардың бір-бірімен тікелей жанасуына жол берілмейді.
Жарияланды:
Ақпарат
Бюджеттің атқарылуы туралы есеп "Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы"ММ бойынша 2026 жылғы қазан айындағы бағдарламалар
2026 жылдың 10 айы үшінМемлекеттік мекеменің төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары 5 440 759,1 мың теңгені құрады. 2026 жылдың 31 қазанындағы жағдай бойынша 5 434 525,1 мың теңге игерілді. 001 бағдарламасына сәйкес«Мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» – аппаратты күтіп ұстауға 367 531,1 мың теңге бөлінді, нақты шығындар 367 158,3 мың теңгені құрады. 008 бағдарламасына сәйкес008 «Мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) салуды, қайта жаңартуды ұйымдастыру және оларды күтіп ұстауды қамтамасыз ету"25 412,7 мың теңге бөлінді, 25 406,7 мың теңге жұмсалды. 009 бағдарламасына сәйкес«Ауру жануарларды санитарлық союды ұйымдастыру» -22 578,9 мың теңге бөлінді, 22 578,7 мың теңге игерілді; 011 бағдарламасына сәйкес«Жануарлар мен адам денсаулығына қауіп төндіретін, зиянсыздандырылған (дезинфекцияланған) және тәркіленбей өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу». ерекшеленген1 789,1 мың теңге, 1 788,6 мың теңге жұмсалды. 012 бағдарламасына сәйкес«Жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу» ерекшеленген188 805,2 мың теңге, 188 805,0 мың теңге жұмсалды. 013 бағдарламасына сәйкес«Ауыл шаруашылығы жануарларын анықтау бойынша іс-шаралар өткізу» - 137 110,1 мың теңге бөлінді, 137 110,0 мың теңге игерілді. 014 бағдарламасына сәйкес«Эпидемияға қарсы шараларды жүргізу» баса айтылды2 383 542,7 мың теңге, 2 383 542,7 мың теңге жұмсалды. 028 бағдарламасына сәйкес«Ветеринариялық препараттарды уақытша сақтау орнына тасымалдау қызметтері» бойынша 8 453,2 мың теңге бөлінді, 8 453,1 мың теңге жұмсалды. 030 бағдарламасына сәйкес "Жануарлардың энзоотиялық ауруларының алдын алу және диагностикалау үшін ветеринариялық препараттарды орталықтандырылған сатып алу, олардың алдын алу және диагностикалау бойынша қызметтер, оларды сақтауды және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру"43 600,9 мың теңге бөлінді, 37 747 311,6 мың теңге жұмсалды. 031 бағдарламасына сәйкес«Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіруге арналған ветеринариялық өнімдер мен атрибуттарды орталықтандырылған сатып алу, жануарларға арналған ветеринариялық паспорттар және оларды аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына тасымалдау (жеткізу)» - 35 924,3 мың теңге бөлінді, 35 924,3 мың теңге игерілді. 113 бағдарламасына сәйкес«Төменгі деңгейдегі бюджеттерге нысаналы ағымдағы трансферттер» - 2 225 960,9 мың теңге бөлінді, 2 225 960,5 мың теңге игерілді. БасшыТ. Иманбаев
Жарияланды:
Ақпарат
2026 жылғы 3 тоқсан қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау жөніндегі аналитикалық анықтама (Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы)
«Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құзыреті шегінде ветеринария саласында басшылықты жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган болып табылады. Басқарманың ведомстволық бағынысты ұйымдары – аудандар мен қалалардың 20 «Ветеринариялық станция» КМК, олардың құрылымына ауылдар мен ауылдық округтерде орналасқан 195 ветеринариялық пункт кіреді. Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын ведомстволық бағынысты нормативтік құқықтық актілер әзірленген мемлекеттік қызмет түрлерінің жалпы саны – 4. Басқарма келесі мемлекеттік қызметті көрсетеді: «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру». Ведомстволық бағынысты ұйымдар 3 мемлекеттік қызмет көрсетеді: «Ветеринариялық анықтама беру»;• «Ветеринариялық паспорт беру»;• «Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)». Аталған мемлекеттік қызметтер Басқарма және ведомстволық бағынысты ұйымдар тарапынан төмендегі нормативтік құқықтық актілерге сәйкес көрсетіледі: 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V «Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер тізілімі; Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 2 қазандағы № 302 бұйрығымен бекітілген Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру қағидалары; Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 бұйрығымен бекітілген Ветеринариялық құжаттарды беру қағидалары және олардың бланкілеріне қойылатын талаптар; Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығымен бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидалары; Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 2 маусымдағы № 367 бұйрығымен бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ одан үзінді көшірме беру қағидалары. Мемлекеттік қызметтерді көрсету форматы «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметі толық автоматтандырылған және «Е-лицензиялау» порталы арқылы көрсетіледі. Ветеринариялық анықтама беру мемлекеттік қызметі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесінің (БАБЖ) веб-порталы арқылы қағаз түрінде көрсетіледі. Ветеринариялық паспорт беру «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» (АШЖБ) ақпараттық жүйесі арқылы қағаз түрінде жүзеге асырылады. «Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)» мемлекеттік қызметі АШЖБ АЖ арқылы қағаз түрінде, сондай-ақ баламалы негізде «Tort Tulik» мобильді қосымшасы арқылы көрсетіледі. Мемлекеттік қызметтер көрсетуді талдау 2026 жылғы 3 тоқсанда Ветеринария басқармасы «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметін 3 рет көрсетті. 2026 жылғы 3 тоқсанда ведомстволық бағынысты ұйымдар – «Ветеринариялық станция» КМК тарапынан барлығы 8 557 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде: 8 263 – ветеринариялық анықтама беру; 225 – ветеринариялық паспорт беру; 69 – ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету). 11 – ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету) мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту. Бақылау іс-шаралары Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасының сақталуын бақылау іс-шараларының 2026 жылға арналған жоспарына сәйкес, 2025 жылғы 12 желтоқсандағы №128 бұйрықпен бекітілген, 3 тоқсанда «Амангелді ауданының ветеринариялық станциясы» КМК, «Жангелді ауданының ветеринариялық станциясы» КМК және «Арқалық қаласының ветеринариялық станциясы» КМК-да 3 бақылау іс-шарасы жүргізілді. Бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін (бизнес-процестерін) бұзудың 1 фактісі анықталды. Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша 17 ұсыным беріліп, оның 16-сы орындалды. Ішкі бақылау және мониторинг Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына мемлекеттік бақылау жүргізу қағидаларына сәйкес Ветеринария басқармасы «Ветеринариялық станция» КМК-лардың мемлекеттік қызметтерді көрсетуіне «Ветеринариялық анықтама беру» мемлекеттік қызметі бойынша БАБЖ цифрлық жүйесі арқылы ішкі бақылау жүргізді. 2026 жылғы 3-тоқсандағы ішкі бақылау шеңберінде: көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесін сақтамаудың 1 фактісі; мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін (бизнес-процестерін) бұзудың 3 фактісі анықталды. Ішкі бақылау қорытындысы бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдарға 2026 жылғы 6 қазандағы №06-11/1471 хат жолданды. 5 ұсыным әзірленді, оның ішінде анықталған бұзушылықтарға жол берген тұлғаларға тиісті шаралар қабылдау туралы ұсынымдар бар. Ұсынымдарды орындау мерзімі – 2026 жылғы 10 қазанға дейін. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу шеңберінде 3 тоқсанда аудандар мен қалалардың ветеринария және ветеринариялық станциялары басқармасымен ресми сайттар мен әлеуметтік желілерде 18 – жарияланым, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 3 бейнеролик орналастырылды, жалпы халықты қамтумен 1 - кеңес - 291 адам өткізілді. Біліктілікті арттыру 2026 жылдың 3 тоқсанында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан ветеринарлық мамандар өткен жоқ.
Жарияланды:
Ақпарат
Бюджеттің атқарылуы туралы есеп "Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы"ММ бойынша 2026 жылғы қыркүйек айындағы бағдарламалар
2026 жылдың 9 айы бойыншаМемлекеттік мекеме бойынша төлемдерді қаржыландыру жоспары 4 406 879,6 мың теңгені құрады. 2026 жылдың 30 қыркүйегіндегі жағдай бойынша 4 406 781,6 мың теңге игерілді. 001 бағдарламасына сәйкес«Мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» – аппаратты күтіп ұстауға 326 416,4 мың теңге бөлінді, нақты шығындар 326 338,0 мың теңгені құрады. 008 бағдарламасына сәйкес 008 «Мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) салуды, қайта жаңартуды ұйымдастыру және оларды күтіп ұстауды қамтамасыз ету» 22 866,0мың теңге бөлінді, 22 866,0 мың теңге жұмсалды. 009 бағдарламасына сәйкес«Ауру жануарларды санитарлық союды ұйымдастыру» - 19 263,9 мың теңге бөлінді, 19 262,0 мың теңге жұмсалды 011 бағдарламасына сәйкес«Жануарлар мен адам денсаулығына қауіп төндіретін, зиянсыздандырылған (дезинфекцияланған) және тәркіленбей өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу». Ерекшеленген 1 619,6 мың теңге, 1 603,8 мың теңге жұмсалды. 012 бағдарламасына сәйкес«Жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу» ерекшеленген 116 268,9 мың теңге, 116 268,5 мың теңге жұмсалды. 013 бағдарламасына сәйкес«Ауыл шаруашылығы жануарларын анықтау бойынша іс-шаралар өткізу» - 129 048,6 мың теңге бөлінді, 129 048,6 мың теңге игерілді. 014 бағдарламасына сәйкес«Эпидемияға қарсы шараларды жүргізу» баса айтылды 1 962 828,0 мың теңге, 1 962 827,7 мың теңге жұмсалды. 028 бағдарламасына сәйкес«Ветеринариялық препараттарды уақытша сақтау орнына тасымалдау қызметтеріне» 7 549,9 мың теңге бөлінді, 7 549,9 мың теңге жұмсалды. 030 бағдарламасына сәйкес «Жануарлардың энзоотиялық ауруларының алдын алу және диагностикалау үшін ветеринариялық препараттарды орталықтандырылған сатып алу, олардың алдын алу және диагностикалау бойынша қызметтер, оларды сақтауды және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру» 37 747,4 мың теңге бөлінді, 37 747 311,6 мың теңге жұмсалды. 031 бағдарламасына сәйкес «Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіруге арналған ветеринариялық өнімдер мен атрибуттарды орталықтандырылған сатып алу, жануарларға арналған ветеринариялық паспорттар және оларды аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына тасымалдау (жеткізу)» - 35 924,3 мың теңге бөлінді, 35 924,3 мың теңге игерілді. 113 бағдарламасына сәйкес «Төменгі деңгейдегі бюджеттерге нысаналы ағымдағы трансферттер» - 1 747 346,6 мың теңге бөлінді, 1 747 345,6 мың теңге игерілді. БасшыТ. Иманбаев
Жарияланды:
Ақпарат
Ауыл шаруашылығы жануарларын сою ережелері туралы
Ветеринариялық саламаттылықты, жануарлардан алынатын өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кейіннен өткізу үшін ауыл шаруашылығы жануарларын сою белгіленген ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес келетін сою объектілерінде ғана жүзеге асырылуға тиіс.Союға «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» (АШЖБ) цифрлық жүйесінде міндетті сәйкестендіру және тіркеу жүргізілген жағдайда, жұқпалы аурулар бойынша қолайлы аумақтар мен шаруашылық жүргізуші субъектілерден шығатын клиникалық сау жануарлар ғана жіберіледі.Союдан кейін алынған ет өнімдері міндетті ветеринариялық-санитариялық сараптамаға жатады, мұндай өнімді өткізуге оның қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі расталғаннан кейін және «Бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесі» (БАБЖ) цифрлық жүйесі арқылы берілген ветеринариялық ілеспе құжаттар болған кезде ғана жол беріледі.Сауда объектілерінде олардың қауіпсіздігін, сапасын және белгіленген ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар болмаған кезде ет және ет өнімдерін сатуға жол берілмейді.
Жарияланды:
Ақпарат
Ветеринария саласындағы қызметпен айналысу үшін лицензия беру
Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізуге арналған кәсіпкерлік қызмет лицензиялауға жатады. Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы «Ветеринария саласында қызметпен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсетеді. Осы мемлекеттік қызмет «Е-лицензирование» порталы арқылы көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: - лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде – 5 (бес) жұмыс күні; - лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – 3 (үш) жұмыс күні. Ветеринария саласындағы қызметпен айналысу үшін лицензия беру бойынша мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі. Лицензиялық алым: - лицензия бергені үшін лицензиялық алым 6 (алты) айлық есептік көрсеткішті құрайды; - лицензияны қайта ресімдегені үшін – лицензия беру кезіндегі ставканың 10 (он) пайызын құрайды. «Е-лицензиялау» порталында көрсетілетін қызметті алушы өтінішті және растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, мәліметтердің электрондық нысанын толтырады. Мәліметтердің электрондық нысанын толтыру кезінде мынадай деректер қажет: ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасына ветеринариялық-санитариялық қорытындының болуы; жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізудің стандарттау және әдістемесі жөніндегі құжаттардың болуы; өлшеу аспаптарына (дайындаушы зауыттың паспорты) құжаттарды растайтын өлшеу аспаптарының және өлшеу аспаптарын тексеру туралы сертификаттардың болуы; ветеринариялық білімнің және соңғы 5 жылда біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы мәліметтердің болуы. Барлық сұрақтар бойынша Шипин көшесі, 153/3 үй, 200 кабинет мекенжайы бойынша немесе 39-06-94 телефоны бойынша Ветеринария басқармасының орны ауыстырылатын объектілердің қауіпсіздігі, мемлекеттік қызметтерді көрсету және мониторингілеу бөліміне хабарласуға болады.