Жануарларды автомобиль көлігімен тасымалдау тәртібі

    Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы

    Жануарларды тасымалдау кезінде олардың қауіпсіздігін, денсаулығы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету, сондай-ақ соғылу, жарақат алу, сүйек сынуы және басқа да зақымдану жағдайларының алдын алу мақсатында жануарларды тасымалдау қағидалары әзірленді.

    Жануарларды тасымалдау кезінде жануардың иесі және (немесе) жауапты тұлға келесіні қамтамасыз етуі қажет:

    1) ветеринария саласындағы заңнамаға сәйкес жануардың ветеринариялық құжатының болуын;

    2) жануарлардың азыққа, суға, ауаға және қозғалысқа деген қажеттіліктерін қанағаттандыруды, сондай-ақ оларды зиянды сыртқы әсерлерден қорғауды. Көлік құралының кеңістігі тасымалданатын жануарлардың биологиялық, түрлік және жеке ерекшеліктеріне сәйкес болуы тиіс;

    3) тасымалданатын жануарлардың жолаушылар мен көлік қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеуін.

    Жануардың иесі және (немесе) жауапты тұлға айқын ауру белгілері бар жануарлармен (ашық жаралар, іріңдеу, теміреткі, жағымсыз иіс), сондай-ақ агрессивті немесе мазасыз мінез-құлық танытатын жануарлармен жолаушыларды тасымалдауға жол бермейді.

    Ауру жануарлар ветеринариялық көмек көрсету мақсатында тасымалдануға жатады. Ауру жануарды тасымалдау басқа жануарлармен жанасуына жол бермеу мақсатында оқшауланған түрде жүзеге асырылады.

    Жануарларды тасымалдауға пайдаланылатын көлік құралы жануарларды тиеу, тасымалдау және түсіру кезінде олардың мертігуін, денсаулығына өзге де зиян келуін немесе өлуін, сондай-ақ көлік құралынан өздігінен шығып кетуін болдырмайтындай етіп жабдықталуы тиіс.

    Ірі және ұсақ жануарларды тасымалдау кезінде олардың бір-бірімен тікелей жанасуына жол берілмейді.

    Жүктеу
    4fc2a093bf6072633d4946e277d9a6a300ff4b711b5b4fc0ccee780291e4000d_original.20927.docx
    DOCX · 20 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Бюджеттің атқарылуы туралы есеп "Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы"ММ бойынша 2026 жылғы қазан айындағы бағдарламалар

    2026 жылдың 10 айы үшінМемлекеттік мекеменің төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары 5 440 759,1 мың теңгені құрады. 2026 жылдың 31 қазанындағы жағдай бойынша 5 434 525,1 мың теңге игерілді. 001 бағдарламасына сәйкес«Мемле...

    Ақпарат

    2026 жылғы 3 тоқсан қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау жөніндегі аналитикалық анықтама (Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы)

    «Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құзыреті шегінде ветеринария саласында басшылықты жүзеге асыратын жергілік...

    Ақпарат

    Бюджеттің атқарылуы туралы есеп "Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы"ММ бойынша 2026 жылғы қыркүйек айындағы бағдарламалар

    2026 жылдың 9 айы бойыншаМемлекеттік мекеме бойынша төлемдерді қаржыландыру жоспары 4 406 879,6 мың теңгені құрады. 2026 жылдың 30 қыркүйегіндегі жағдай бойынша 4 406 781,6 мың теңге игерілді. 001 бағдарламасына сәйкес«М...

    Ақпарат

    Ауыл шаруашылығы жануарларын сою ережелері туралы

    Ветеринариялық саламаттылықты, жануарлардан алынатын өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кейіннен өткізу үшін ауыл шаруашылығы жануарларын сою белгіленген ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялы...

    Ақпарат

    Ветеринария саласындағы қызметпен айналысу үшін лицензия беру

    Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізуге арналған кәсіпкерлік қызмет лицензиялауға жатады. Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы «Ветеринария саласында қызм...

    Ақпарат

    Қостанай облысы ветеринария саласының 01.09.2026 жылға текті әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

    Ветеринарлық препараттарды жеткізу Облыстың коммуналдық меншігіне республикалық қордан аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринарлық препараттардың жылдық көлемінің 61,7% түсті. Диагностикалық зерттеулер Бекітілген жоспарға...

    Ақпарат

    «Жануарларды аулаудың, уақытша ұстаудың және жансыздандырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 18 мамырдағы №162 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    «Жануарларды аулаудың, уақытша ұстаудың және жансыздандырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 18 мамырдағы №162 бұйрығына өзгеріст...

    Ақпарат

    Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы № 168 «Үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    Номер и дата принятия НПА: № 155 от 06.08.2026 Номер и дата гос. регистрации: № 39546 от 10.08.2026 16:38 Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы № 168«Үй жану...