«Жануарларды аулаудың, уақытша ұстаудың және жансыздандырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 18 мамырдағы №162 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы

    «Жануарларды аулаудың, уақытша ұстаудың және жансыздандырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 18 мамырдағы №162 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 18 мамырдағы № 162 «Жануарларды аулаудың, уақытша ұстаудың және жансыздандырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28125 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарларды аулаудың, уақытша ұстаудың және жансыздандырудың үлгілік қағидаларында:

    2-тармақта:

    екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

    «аулау қызметі – жануарларды аулаумен, уақытша ұстаумен және жансыздандырумен айналысатын, астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік заңды тұлғалар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер және мемлекеттік емес заңды тұлғалар;»;

    3), 8) және 9) тармақшалар алып тасталсын;

    4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

    «4) жануарларды уақытша ұстау пункті – табылған, ауланған қараусыз қалған және иесіз жануарларды, ұстаудан бас тартуына байланысты иелері немесе жауапты адамдар берген, сондай-ақ жеке немесе заңды тұлғалардан алып қойылған немесе тәркіленген үй жануарларын (компаньон жануарларды) уақытша ұстауға әдейі арналған және жабдықталған мүліктік кешен;»;

    6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

    «6) иесіз жануарлар – иесі жоқ немесе үй жануарлары есебіне алынбаған иттер мен мысықтар;»;

    мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:

    «12) шұғыл ден қою шаралары – адамның, жануарлардың қауіпсіздігін, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және (немесе) адамның өміріне немесе денсаулығына, жануарлардың тіршілігіне немесе саулығына және жеке және (немесе) заңды тұлғалардың мүлкіне қатер төнуін болғызбау мақсатында жануарлардың агрессия көрсетуін дереу тоқтатуға және (немесе) оның салдарын барынша азайтуға бағытталған іс-шаралар жиынтығы, оның ішінде әрекеттер.»;

    8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «8. Аулануға иесінің және (немесе) жауапты тұлғаның сүйемелдеуінсіз қоғамдық орындарда, оның ішінде көшелерде, аула аумақтарында, саябақтарда, скверлерде, иесіз қалған ғимараттарда, елді мекендердің шетінде, саяжай алқаптарында және өзге де орындарда жүрген қараусыз қалған жануарлар, сондай-ақ иесіз жануарлар жатады.»;

    мынадай мазмұндағы 12-1 және 13-1-тармақтармен толықтырылсын:

    «12-1. Шұғыл ден қою шараларын астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидаларына сәйкес ұйымдастырады.

    13-1. Ауланған жануар уақытша ұстау пунктіне немесе жануарларға арналған панажайға жеткізілген кезде үй жануарларын есепке алу бұйымдарының (құралдары) болуы, сондай-ақ үй жануарларын есепке алу дерекқорында жануардың иесі және (немесе) жауапты адам туралы мәліметтердің болуы тексеріледі.»;

    мынадай мазмұндағы 25-1 және 25-2-тармақтармен толықтырылсын:

    «25-1. Иесіз жануарлардың санын реттеу кезінде мысықтарды қоспағанда, иесіз жануарларды жансыздандыруға астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті өкілді органдары белгілеген тәртіппен және мерзімдерде жол беріледі.

    25-2. Жануарларға арналған панажайларға және (немесе) жануарларды уақытша ұстау пункттеріне түскен иесіз жануарларды, мысықтарды қоспағанда, егер мұндай жануарлар ауру болса, негізсіз агрессия танытса, орналастырылмаса және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген мерзімдер өткеннен кейін оларды иесі немесе жауапты адам, сондай-ақ өзге де жеке немесе заңды тұлғалар талап етпесе, жансыздандыруға жол беріледі.»;

    27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «27. Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, иесіз жануарлардың санын уларды, химиялық препараттарды пайдалануды қоса алғанда, кез келген тәсілдермен жансыздандыру арқылы реттеуге жол берілмейді.».

    1. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

    3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне орындалуы туралы ақпараттың ұсынылуын қамтамасыз етсін.

    1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
    2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
    Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. Н. Шарбиев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Ауыл шаруашылығы министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Ұлттық экономика министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Қаржы министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

    Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

    ________ облысының/қаласының Әділет департаменті

    Нормативтік құқықтық акті 21.08.2026

    Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

    тіркеудің тізіліміне № 39655 болып енгізілді

    Результаты согласования

    Министерство экологии и природных ресурсов Республики Казахстан - Директор Марал Койшибеккызы Нугуманова, 13.08.2026 08:18:42, ЭЦҚ тексерудің оң нәтижесі

    Министерство юстиции РК - Вице-министр юстиции Республики Казахстан Ботагоз Шаймардановна Жакселекова, 18.08.2026 10:16:47, ЭЦҚ тексерудің оң нәтижесі

    Результаты подписания

    Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі - Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. Н. Шарбиев, 18.08.2026 11:15:35, ЭЦҚ тексерудің оң нәтижесі

    Жүктеу
    08fe8de4a0356e0ce1a6554e5dfcf56d_original.132165.docx
    DOCX · 129 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Қостанай облысы ветеринария саласының 01.09.2026 жылға текті әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

    Ветеринарлық препараттарды жеткізу Облыстың коммуналдық меншігіне республикалық қордан аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринарлық препараттардың жылдық көлемінің 61,7% түсті. Диагностикалық зерттеулер Бекітілген жоспарға...

    Ақпарат

    Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы № 168 «Үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    Номер и дата принятия НПА: № 155 от 06.08.2026 Номер и дата гос. регистрации: № 39546 от 10.08.2026 16:38 Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы № 168«Үй жану...

    Ақпарат

    Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру

    Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру- әрбір жануарға бірдейлендіру құралдарын пайдалану және таңбалау арқылы жеке нөмір беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануары туралы мәліметтерді ауыл шаруашылығы жануарларын бірд...

    Ақпарат

    Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы

    Қазақстан Республикасының Заңы 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 97-VII ҚРЗ. ЗҚАИ-ның ескертпесі! Осы заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 31-б. қараңыз. Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшін ЗҚАИ мазмұнды жасады. МАЗМҰНЫ Ескерту...

    Ақпарат

    2026 жылғы 2 тоқсан қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау жөніндегі аналитикалық анықтама (Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы)

    2026 жылғы 2 тоқсан қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау жөніндегі аналитикалық анықтама (Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы) «Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария ба...

    Ақпарат

    Жадынама

    Ақпарат

    Құқықтық жан-жақты білім беру

    2026 жылғы 11 маусымда Қостанай облысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өтті, онда мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын бақылау және қадағалау нәтижелері қаралды. Ветеринария басқармасының...

    Ақпарат

    Өтініштер бойынша қысқаша ақпарат

    2026 мамыр айында «Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы ММ (бұдан әрі – Басқарма) 72 өтініші келіп түсті, оның ішінде: арыздар – 57, шағымдар –1, ұсыныстар – 0, басқасы (хабарлама, сұрату, үн қосу) – 14. Ба...