Қостанай облысы әкімдігі ветеринария басқармасының басшысы Т.К. Иманбаев жұмыс сапарымен Алтынсарин ауданына барды.
Аудан әкімімен бірлесіп, ветеринариялық объектілердің, оның ішінде мал қорымдары мен ветеринариялық пункттердің құрылыс барысына мониторинг жүргізіліп, ауданның сүт-тауар фермалары араланды.
Сапар барысында құрылыс жұмыстарының мерзімдері мен сапасына, сондай-ақ ветеринариялық-санитариялық талаптардың сақталуына ерекше назар аударылды. Тексеру қорытындысы бойынша өзекті мәселелер талқыланып, оларды шешу жөнінде тиісті шаралар айқындалды.
Ветеринариялық инфрақұрылымды дамыту және өңірдің эпизоотиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері Ветеринария басқармасының тұрақты бақылауында.