1 / 5
Сарыөзек ауылдық округі бойынша «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында, Сарыөзек ауылының аумағында орналасқан сауда орындарының сыртқы келбетін жақсарту және айналасындағы тазалықты сақтау мақсатында, жеке кәсіпкерлерге әкімшілік тарапынан ескерту берілді.
Ескертулерде сауда нысандарының айналасын абаттандыру, шөптерді уақтылы ору, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, тұрмыстық және басқа да қалдықтарды уақытылы жинау, сондай-ақ сауда нысандарының сыртқы келбетін заман талабына сай әрлендіру қажеттігі көрсетілді.









