Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда Қазақстан Республикасының күніне арналған салтанатты іс-шара өтті
Аудан әкімі Р.Ә. Аңбаев Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі — Республика күніне арналған салтанатты іс-шараға қатысты.
Іс-шара барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі мен адал еңбегі үшін «Береке Брилевка» ЖШС басшысы Жамұханов Думанбай Айдашұлына «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Құрметті азаматы» атағы табыстады.
Сонымен қатар, салтанатты іс-шара аясында аудан басшысы Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің Құрмет грамотасымен Жанзаков Қ.Е. марапатталды.
Аудан әкімінің Құрмет грамоталарымен Жүсүпов С.Қ., Беспалинова Л.А., Исакова Д.Б., Гаценко В.В. және Евсеева Н.С. марапатталды.
Аудан әкімінің Алғыс хаттарымен Ашетова Ш.Е., Кушегалина Г.Т., Байгозина Ш.З., Бердиярова А.К. және Қаниев А.М. марапатталды.









