Тағамдықтоксикалық инфекция(ТТИ) —құрамында микроорганизмдер мен олардың токсиндері бар тағамдарды тұтынудан туындайтын жедел ішек инфекциялары. Бұл бактериялар мен олардың токсиндері ағзаға бұзылған ет, сүт өнімдері және салаттар арқылы енеді.
Тағамдық токсикалық инфекциялар кенеттен басталуымен, жүрек айнуымен, қайталанатын құсумен, диареямен, іштің түйілуімен, дене қызуының көтерілуімен және интоксикация белгілерімен сипатталады.
ТТИ негізгі себептері:
1.Бұзылған немесе дұрыс сақталмаған тағамдарды (ет, сүт өнімдері, жұмыртқа, майонез қосылған салаттар) тұтыну.
2.Тағамды дайындау немесе сақтау кезінде тиістітемпературалық режимді сақтамау.
3.Қоғамдық тамақтандыру орындарындағы қызметкерлердің гигиена талаптарын сақтамауы.
4.Санитариялық нормаларды бұза отырып, дайындалған тағамдарды тұтыну.
Жұғу жолдары:
Инфекция ластанған тағамды тұтыну, қолды жумау, сондай-ақ ластанған ыдыс-аяқпен, беткі қабаттармен немесе ас үй жабдықтарымен жанасу арқылы жүғады.
Алдын алу үшінгигиена ережелерін сақтау, қолды жуу және азық-түлікті дұрыс сақтау маңызды. Сапалы өнімдерді таңдап, олардың толық пісірілгеніне көз жеткізіңіз.
Тағам арқылы жұғатын уытты инфекциялардың (тағамдық токсикоинфекциялардың) алдын алу шаралары жартылай дайын өнімдердің немесе дайын тағамдардың микробтармен ластануына жол бермеуге, сондай-ақ осы микроорганизмдердің көбеюін және олардың уыттар (токсиндер) бөліп шығаруын тежеуге бағытталған. Міндетті медициналық тексеруден өтуі тиіс қызмет салаларында («белгіленген кәсіптер» деп аталатын) жұмыс істейтін адамдар үшін қажет болған жағдайда бактериологиялық және серологиялық зерттеулер жүргізіледі.
Тағамдық токсикалық инфекциялардың жалпы алдын алу тамақ өнімдерін өндірумен, сақтаумен немесе тасымалдаумен айналысатын кәсіпорындар мен шаруашылықтарда, сондай-ақ қоғамдық тамақтандыру мекемелерінде, соның ішінде балаларға арналған асханалар мен жұмыс орындағы тамақтану орындарында санитарлық-гигиеналық бақылау шараларын қамтиды. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы жағдайына ветеринарлық бақылау жүргізіледі.
Жеке алдын алу шаралары жеке гигиена ережелерін сақтаудан, сондай-ақ азық-түлік өнімдерін дұрыс сақтаудан және оларды тағам ретінде дайындаудан тұрады.
Даындаған:Аздекова Р.Ж, Алматы қаласы Әуезов ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылак басқармасының эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманы.









