Алматы қаласының Әуезов ауданында 25 қазан – Республика күніне орай «Бауырсақ Fest – 2026» III республикалық аспаздық фестивалі өтті. Мерекелік іс-шара Family Park демалыс саябағында ұйымдастырылды.
Фестивальдің негізгі мақсаты – қазақ халқының ұлттық тағамдарын дәріптеу, аспаздық өнерді дамыту, ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттау және мәдени мұраны келер ұрпаққа жеткізу.
Іс-шара барысында қатысушылар бауырсақ дайындаудың түрлі әдістерін ұсынып, аспаздық шеберліктерін көпшілік назарына ұсынды. Фестиваль қала тұрғындары мен қонақтарына ұлттық асхананың ерекшеліктерімен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді.
Қазақ халқының дастарқанынан ерекше орын алатын бауырсақ – қонақжайлықтың, береке-бірлік пен молшылықтың символы. Осындай мәдени іс-шаралар ұлттық құндылықтарды сақтауға, халықтың рухани мұрасын дәріптеуге және қоғамдағы бірлікті нығайтуға ықпал етеді.









