Полиомиелиттің алдын алу

    Полиомиелит– бұл орталық жүйке жүйесін зақымдайтын және қайтымсыз сал ауруына әкелуі мүмкін, вирустық инфекциялық ауру.

    Қоздырғышы:Полиовирус (энтеровирус түрі), ол ішекпен тамақта көбейіп, кейін қан ағымына және жүйке жүйесіне енеді.

    Берілу жолдары:Фекальды-оральды ( жуылмаған қолдар, ластанған су немесе тағам арқылы), сондай-ақ ауа-тамшылы жол.

    Қауіп тобы:5 жасқа дейінгі балалар ең жиі зардап шегеді, дегенмен екпе алмаған ересектер де бұл ауруға шалдығуы мүмкін.

    Полиомиелиттің себептері: Полиовирус жұқтыру көбінесе ауырған адаммен немесе инфекцияны тасымалдайтын, бірақ ауру белгілері байқалмайтын адаммен байланысқа түскен кезде орын алады.

    Полиомиелит белгілері:

    Инфекция жұққаннан кейінгі инкубациялық кезең (яғни ешқандай белгілер байқалмайтын уақыт) 7-12 күнге созылуы мүмкін. Полиомиелиттің алғашқы белгілері – дене қызуының көтерілуі, әлсіздік және іш өту- ішек инфекциясына немесе қарапайым суық тиюге ұқсас болуы ықтимал. Кейбір жағдайларда науқастарда инфекцияның салыстырмалы түрде жеңіл түрі кездеседі: ол ми қабықтарының қабынуы немесе нақты бір ауруға тән емес инфекциялық белгілермен сипатталады. Полиомиелиттің мұндай түрлері асқынуларға сирек әкеледі. Балалар мен ересектердің екеуінде де ешқандай белгілердің көрініс беруінсіз, вирус тасымалдау жағдайлары кездеседі.

    Полиомиелиттің сал ауруына әкелетін түрінің белгілері:

    ·сезімталдық сақтала отырып, жоғарғы және төменгі аяқ-қолдардың қозғалыс қабілетінің бұзылуы;

    ·рефлекстердің жоғалуы;

    ·аяқ-қол бұлшықеттеріндегі әлсіздік сезімі;

    ·төменгі аяқ-қолдардың қалыптан тыс орналасуы (қисаюы);

    ·түнде күшейе түсетін тыныс алу функциясының бұзылуы;

    ·аяқ-қолдардың қысқаруы және деформациясы;

    ·іштің ауыруы және іш өту;

    ·бас айналу және әлсіздік.

    Алдын алу:Қорғаныстың негізгі әрі ең тиімді әдәсі-уақтылы вакцина алу (ұлттық иммундау күнтізбесіне сәйкес).

    Белгіленген кестеге және бекітілген нұсқаулықтарға сәйкес жүргізілетін полиомиелитке қарсы вакцинация балаңызды, сондай-ақ айналаңыздағы адамдарды осы бір ауыр әрі қауіпті дерттен - полиомиелиттен қорғауға көмектеседі!

    Алматы қаласы

    Әуезов ауданының СЭББ

    эпидемиологиялық бақылау

    бөлімінің бас маманы

    Аздекова Рыскүл Жұманқызы

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Әуезов ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары