«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және адалдық қағидаттарын сақтау»

    1 / 2

    2026 жылғы 23 қазанда Департаменттің білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл М. Кәрім жұмыс жоспарына сәйкес Жылыой ауданы білім бөлімінің мамандарына «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және адалдық қағидаттарын сақтау» тақырыбында ақпараттық кездесу өткізді.

    Кездесу барысында Әдеп жөніндегі уәкіл білім беру ұйымында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, адалдық қағидаттарын сақтау және мүдделер қақтығысына жол бермеу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

    Іс-шараның негізгі мақсаты – білім беру ұйымы қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сауаттылығын арттыру, қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ ұжым арасында ашықтық, әділдік, жауапкершілік және адалдық қағидаттарын нығайту.

    Ақпараттық-түсіндіру барысында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының негізгі талаптары, қызметтік әдеп нормалары және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу жолдары түсіндірілді. Қызметкерлерге өздерінің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде заңдылықты басшылыққа алу, қызметтік өкілеттіктерді жеке мақсатта пайдаланбау, қызметтік міндеттерін адал әрі жауапкершілікпен атқару және академисялық адалдықты сақтау қажеттігін атап өтті.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Атырау облысының білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті" жаңалықтары