Жеке мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына мемлекеттік аттестаттауы жаңа форматта өтуде.

    Жеке мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына мемлекеттік аттестаттауы жаңа форматта өтуде.

    Ағымдағы жылдың 14-18 қыркүйегі аралығында облысымыздағы жеке мектепке дейінгі білім беру ұйымдарды бағалау жүйесі жаңартылып, мемлекеттік аттестаттау жаңа форматта жүргізілуде.

    Департаменттің білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл М. Кәрім жеке мектепке дейінгі білім беру ұйымдарды мемлекеттік аттестаттау рәсімін жүргізуге тартылған сарапшыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

    Атырау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті «Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы » Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі №114-НҚ бұйрығы талаптарына сәйкес жүргізеді.

    Атап айтканда:

    -мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарының орындалуы;

    -педагогтердің біліктілік талаптарына сәйкестігі;

    -оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырылуы;

    -тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

    -материалдық-техникалық базаның жай-күйі;

    -құжаттаманың қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі қаралады.

    Мемлекеттік аттестаттау – білім беру ұйымдарының қызмет сапасын бағалауға, заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге және білім беру сапасын одан әрі арттыруға бағытталған маңызды рәсім.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Атырау облысының білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті" жаңалықтары