Атырау облысының білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Атырау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің (бұдан әрі – Комитет) құзыреті шегінде білім саласында іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын аумақтық бөлімшесі болып табылады, сондай-ақ Департаменттің құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) стратегиялық функцияларын орындауға қатысады.
Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Жаңалықтар
АшуАзаматтарды қабылдау
Ашу«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және адалдық қағидаттарын сақтау»
АшуБІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНА КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
АшуАзаматтарды қабылдау
АшуБілім беру ұйымында рұқсаттық бақылау жүргізілді
АшуЖеке мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына мемлекеттік аттестаттауы жаңа форматта өтуде.
Оқиғалар
Азаматтарды жеке қабылдау (2026 ж. 3 тоқсан)
Құжаттар
Атырау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің 2027 жылғы мемлекеттік аттестаттауға жататын білім беру ұйымдарының тізімі
Атырау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті көрсететін мемлекеттік қызмет туралы талдамалық анықтама
«Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметі бойынша: Атырау облысының білім саласында сапаны қатамасыз ету департаменті «Е-лицензиялау» электронды порталы арқылы «Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметін заңды тұлғаларға толықтай электронды түрде көрсетеді. 2026 жылдың IІІ тоқсаны бойынша: «Е-лицензиялау» порталы арқылы заңды тұлғалардан барлығы – 18өтініш келіп түсті. Қаралған өтініштер бойынша: Берілгені –9; Бас тартылғаны - 9; Атап айтқанда: Мемлекеттік лицензия алу үшін заңды тұлғалардан 3 өтініш түсті. Берілгені -2, Бас тартылғаны-1; Мемлекеттік лицензияға қосымша алу үшін заңды тұлғалардан 13 өтініш түсті. Берілгені -5, Бас тартылғаны-8; 3) Мемлекеттік лицензияны немесе лицензияның қосымшасын қайта рәсімдеу туралы заңды тұлғалардан 2 өтініш түсті. Қайта рәсімделді – 2, Бас тартылғаны-0. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, діни білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы №473 бұйрығы басшылыққа алынады. Осы бұйрықтың талаптарына сәйкес келмеген заңды тұлғалардың өтініштері түскен жағдайда, өтініш берушіге жіберілген қателіктері түсіндіріле отырып, дәлелді түрде бас тартылады. Өтініш беруші заңды тұлға бұйрықтың талаптарына сәйкес құжаттарын дұрыстап, толықтырып өтінішті қайтадан бере алады. «Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу»мемлекеттік қызметі бойынша ақпарат: 2017 жылғы 19 маусым айынан бастап Атырау облысының Білім саласындағы бақылау департаменті «Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызметтін жеке тұлғаларға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Атырау облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті және Электрондық үкімет порталы (ПЭП) арқылы жүзеге асырады. 2026 жылдың IІІ тоқсанында барлығы - 204 өтініш келді. ( шілде – 141, тамыз – 45, қыркүйек-18) Қаралған өтініштер бойынша: Берілгені– 187 Бас тартылғаны – 17 Олардың ішінде: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Атырау облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті арқылы - 189 келді. Берілгені– 187 Бас тартылғаны – 2 Электрондық үкімет порталы (ПЭП) арқылы –15 өтініш келді. Берілгені– 0 Бас тартылғаны – 15 Департамент бойынша 2026 жылдың ІІІ тоқсанында «Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметтері бойынша келген өтініштерді қарау барысында барлығы 17 құжатқа бас тартылды: яғни құжат көшірмесі-7, білім беру ұйымынан шығатын ресми құжат емес – 1, мемлекеттік баж төленбеген үшін-9. «Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызметі бойынша өтініштерді қарау барысында, «Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № 209 бұйрығы басшылыққа алынады. Мемлекеттер бойынша 2026 жылдың 3 (шілде, тамыз, қыркүйек) айына: Австрия – 1, Азербайджан – 2, Венгрия-1, Германия – 1, Греция-2, Италия-69, Қытай-3, Латвия-2, Польша-7, Словакия-1, Түркия-82, Чехия-15, Оңтүстік Корея-18. Көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тәртібі туралы ақпараттандыру бойынша түсіндірме іс-шараларын жүргізіліп тұрады.
Балаларға арналған білім беру және сауықтыру орталықтары электрондық лицензиялауға көшті
2026 жылдан бастап ҚР Оқу-ағарту министрлігі балаларға арналған білім беру-сауықтыру орталықтарының қызметін міндетті лицензиялауды енгізді. Осыған байланысты заңнамада «Балалар сауықтыру лагері» ұғымы «балаларға арналған білім беру-сауықтыру орталығы» терминімен ауыстырылды. Бұл ұйымдардың тек сауықтыру емес, сонымен қатар білім беру қызметтерін де қамтитын кеңейтілген функцияларын көрсетеді. Балаларға арналған білім беру-сауықтыру орталықтары автоматтандырылған қызмет түріне қосылады. Ұйымдар лицензия алу үшін өтінімді мемлекеттік органдарға бармай, толық онлайн форматта elicense.kz порталы арқылы бере алады. Электронды формат рұқсат құжаттарын алу рәсімін жеңілдетіп, ұйымдардың уақыт және әкімшілік шығындарын азайтады, сондай-ақ процестің ашықтығын арттырады. Лицензия алу үшін elicense.kz порталына кіріп, «Білім беру» бөлімінен тиісті қызмет түрін таңдау, қажетті мәліметтерді толтыру, мемлекеттік баж салығын төлеу және өтінімді электрондық цифрлық қолтаңба арқылы растау қажет. Лицензия бес жыл мерзімге беріледі, ал өтінімді қарау мерзімі 30 жұмыс күніне дейін. Жаңашылдық жыл бойы және маусымдық жұмыс істейтін орталықтарға қатысты және балаларға білім беру-сауықтыру қызметтерін көрсететін мемлекеттік те, жекеменшік ұйымдарға да қолданылады. Лицензиялық талаптар медициналық қызмет көрсету, қауіпсіздік жүйесінің болуы, бекітілген білім беру-сауықтыру бағдарламаларын, санитариялық нормалардың сақталуын, балалардың тұруына қолайлы жағдайлар мен қажетті инфрақұрылымның қамтамасыз етілуін қамтиды. Электрондық қызметті Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі, Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлесіп іске асырды.