Солтүстік Қазақстан облысында «Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі» акциясы өткізілді

    1 / 8

    2026 жылғы 22 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының барлық аудандары мен Петропавл қаласында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын, «Айқын нәтиже», «Саналы ұрпақ» жобаларын іске асыру және Жол картасын орындау аясында «Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі» профилактикалық акциясы өткізілді.

    Іс-шараның негізгі мақсаты – қысқы кезеңде жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жолдардағы апаттылық пен жарақаттану деңгейін төмендету, сондай-ақ көктайғақ кезінде жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

    Акция аясында жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтау, ауа райы мен жол жағдайын ескере отырып, қауіпсіз жылдамдықты таңдау, сондай-ақ жаяу жүргіншілер өткелдеріне жақындаған кезде ерекше сақтық таныту қажеттілігіне баса назар аударылды.

    Бұл бағыттағы профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

    Жол жүрісі қағидаларын сақтау – өмір мен денсаулықты сақтаудың кепілі. Жол қауіпсіздігі әр адамның жеке жауапкершілігінен басталады!

    Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы" жаңалықтары