Абай облысында су тасқыны және қысқы кезеңдерге дайындықты тексеру жұмыстары жалғасуда

    1 / 4

    Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен және жол пайдалану ұйымдарымен бірлесіп, өңірдің алдағы су тасқыны және қысқы кезеңдерге дайындығын бағалау бойынша кешенді жұмыстар жүргізуде.

    Тексеру барысында инженерлік құрылыстардың жай-күйі мен су тасқынының алдын алу бойынша атқарылған іс-шаралардың орындалуы, сондай-ақ қыс мезгілінде жол жағдайының күрделенуіне байланысты туындауы мүмкін төтенше жағдайларға ден қою үшін күштер мен құралдардың дайындығы бағаланады.

    Әсіресе ықтимал қауіптерді уақтылы анықтауға, қабылданып жатқан шаралардың тиімділігіне және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары