Құрметті әріптестер, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері!
Сіздерді ортақ мерекеміз – Құтқарушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Құтқарушы қызметі – жүрек қалауымен таңдалып, үлкен жауапкершілікпен атқарылатын мәртебелі мамандық. Бұл қызмет батылдықты, төзімділікті, шапшаң шешім қабылдауды және ел қауіпсіздігіне деген адалдықты талап етеді.
Күн сайын қызметтік міндеттерін мінсіз атқарып жүрген Абай облысының құтқарушылары төтенше жағдайлардың алдын алуға, адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғауға және қиын жағдайға тап болған азаматтарға дер кезінде көмек көрсетуге бар күш-жігерін жұмсауда.
Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз бен кәсіби біліктіліктеріңіз – өңір тұрғындарының қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз етудің берік кепілі. Қиын сәтте көмекке асығып, адам өмірін арашалау жолындағы еңбектеріңіз әрдайым жоғары бағалауға лайық.
Осы айтулы күні сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға береке мен бақ, қызметтеріңізге абырой мен толағай табыс тілеймін. Әр күніңіз сәтті өтіп, кезекшіліктеріңіз тыныш, еңбектеріңіз жемісті болсын!
Құтқарушылар күні – ортақ мерекеміз құтты болсын!
Ізгі ниетпен,
Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы
Еркін Отарғалымұлы









