Солтүстік Қазақстанда прокурорлар құны 5 млрд теңге болатын зауыттың құрылысын тежеген мәселені шешті

    Қызылжар ауданында «Salar Farm» ЖШС-н ы ң түйіршіктелген жоңышқа өндіретін салынып жатқан зауытын электрмен жабдықтау мәселесі шешілді.

    Қызылжар ауданының прокуратурасы «Salar Farm» ЖШС-н ы ң инвестициялық жобасын сүйемелдеу аясында құны 5 млрд теңге болатын түйіршіктелген жоңышқа өндіретін зауыттың құрылысын тежеп тұрған мәселені анықтады.

    Құрылысты жалғастыру үшін нысанды Бәйтерек ауылының маңында орналасқан қосалқы станциядан электр желісіне қосу қажет болды.

    Мәселені шешу мақсатында аудан прокуратурасы Қызылжар ауданының әкіміне нысанды электр желісіне қосуға жәрдемдесу туралы хат жолдады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде мердігер «Bear Инжиниринг» ЖШС Бәйтерек ауылындағы қосалқы станциядан нысанды электрмен жабдықтау жұмыстарын аяқтады.

    Осылайша, инвестициялық жобаны іске асыруға кедергі келтірген мәселе шешілді. Зауыт құрылысын одан әрі жалғастыруға және жоба аясында көзделген жұмыстарды аяқтауға қажетті жағдай жасалды.

    Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы инвесторлардың құқы ғ ын қорғау және инвестициялық жобаларды іске асыруға кедергі келтіретін әкімшілік кедергілерді жою бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.

    Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы" жаңалықтары