«Құтқарушының бір күні»: Солтүстік Қазақстан облысының оқушыларына қауіпсіздік ережелері мен құтқарушы мамандығы таныстырылды

    2026 жылғы 6 қарашада Солтустік Қазақстан облысында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында облыс прокуратурасының үйлестіруімен балаларға арналған «Қутқарушының бір күні» атты ауқымды профилактикалық акция өткізілді.

    Полиция және өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері облыс мектептерінің 320 оқушысына жұмыс орындарымен таныстыру экскурсиясын өткізіп, техникалық жабдықтарды көрсетті, өрт қауіпсіздігінің негізгі қағидалары мен құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын түсіндірді.

    Мұндай іс-шараларды өткізу өскелең ұрпақ арасында қауіпсіздік мәдениетін, құқықтық сананы қалыптастыруға, сондай-ақ құқық қорғау және құтқару саласындағы мамандықтарға қызығушылықты арттыруға бағытталған.

    Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы" жаңалықтары