ӨКІЛ АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ ЖЕКЕ ҚҰРАМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

    1 / 11

    Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Атырау облысы бойынша өкілі Исатай аудандық полиция бөлімі қызметіне мониторинг жасады.

    Амангелді Абдолов полиция ғимаратын аралап, кабинеттер мен Уақытша ұстау изоляторы жағдайына аса көңіл бөлді. Ұсталғандар жатқан камераларды, жуыну, тамақтану, кір жуу бөлімдерін қарап шықты. Сонымен қатар видеокамералармен қамтылғандығына назар аударды.

    Мониторинг полиция бөлімінің жеке құрамымен кездесуге жалғасты. Кездесу барысында Исатайй аудандық полиция бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарып отырған, полиция майоры Н.Мухамбеткалиев өңірдегі полиция қызметкерлерімен атқарылып жатқан қызметтер мен ауыл тұрғындарының тыныштығын қамтамасыз етудегі өткізіліп жатқан шаралар туралы баяндап берді.

    Содан соң Адам құқықтары жөніндегі өкіл Амангелді Абдолов жаңа Конституциядағы адам өмірі, құқықтары мен бостандығына айқындалған баптарды түсіндіріп, осы тұста полиция қызметкерлеріне үлкен жауапкершілік жүктелетініне айрықша тоқталды.

    Кездесу сұрақ-жауаптармен аяқталды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Атырау облысы бойынша өкілі" жаңалықтары