Бүгін Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы тұрақты негізде өткізіп келе жатқан «Құқықтық дәріхана» акциясының нәтижелері туралы айтқым келеді.
Акцияның басты мақсаты – заң көмегін барынша қолжетімді ету, әрбір азаматқа тікелей сол жерде құқықтық кеңес алуға, өзін толғандырған мәселесі бойынша жүгінуге және, ең бастысы, оны шешуде нақты көмек алуға мүмкіндік жасау.
Акция өткізілген кезеңде 4 мыңға жуық азамат қабылданып, 1 мыңнан астам проблемалық мәселе тікелей сол жерде шешімін тапты.
Азаматтар көбінесе әлеуметтік қамсыздандыру, жер қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, еңбек құқықтарын қорғау мәселелері, сондай-ақ интернет-алаяқтық және дропперлік фактілері бойынша жүгінеді.
Шұғыл ден қоюды және нақты шаралар қабылдауды талап ететін мәселелерге ерекше назар аударылады.
Мәселен, акциялардың бірінде ЖШС 5 қызметкері жалақының ұзақ уақыт бойы төленбеуіне байланысты жүгінді.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде қызметкерлердің құқықтары қалпына келтіріліп, 2 жылға жуық уақыт бойы қалыптасқан 2 млн теңгеден астам жалақы берешегі толық көлемде өтелді.
Тағы бір маңызды нәтиже – 30-дан астам азаматтың банктік шоттарына қойылған негізсіз шектеулер мен Қазақстан Республикасының шегінен шығуға қатысты негізсіз шектеулердің күші жойылды.
Келтірілген мысалдар акцияның жай ғана кеңес берумен шектелмейтінін көрсетеді. Оның басты мақсаты – азаматтарға практикалық көмек көрсету, қажетті шаралар қабылдау және әрбір өтініш білдірген азамат үшін нақты нәтижеге қол жеткізу.
Айта кету керек, акция тұрақты негізде – әр сейсенбі күні сағат 16:00-ден 18:00-ге дейін Петропавл қаласындағы «Рахмет» сауда үйінде, сондай-ақ облыс аудандарында өткізіледі.
Азаматтарға мемлекеттік органдарға арнайы жүгінудің, алдын ала қабылдауға жазылудың немесе түрлі мекемелерге бару үшін қосымша уақыт жұмсаудың қажеті жоқ. Акция өтетін орынға келіп, туындаған мәселесін айту жеткілікті.
Құқықтық көмек тұрғылықты жеріне, әлеуметтік жағдайына және туындаған мәселенің сипатына қарамастан, баршаға қолжетімді.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








