ЗАҢ МЕН ТӘРТІП: КӨРСЕТІЛІМ СОТ ПРОЦЕСІНЕ 500 СТУДЕНТ ҚАТЫСТЫ

    1 / 5

    2026 жылғы 26 қарашада Петропавл қаласының прокуратурасы «ЗаңменТәртіп»тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Петропавл қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының қолдауымен облыстағы колледждердің студенттері.көрсетілімсот процесін өткізуді ұйымдастырды.

    Сот отырысы барысында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 612 - бабының 3-бөлігінде көзделген А-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды (көлік құралын басқару құқығынан айырылған жүргізушінің көлік құралын басқаруы).

    Істі қарау нәтижелері бойынша А. 216 250 теңге мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартылады.

    Сот отырысының барысын онлайн форматта облыстағы 500-ден астам колледж студенті бақылады.

    Іс-шараның негізгі мақсаты жас ұрпақтың құықтық сауаттылығын арттыру, құқықтық мәдениет пен құқықтық сананы қалыптастыру, сондай-ақ жол қауіпсіздігі саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу болды.

    Мұндай іс-шараларды өткізу жастардың заңға деген құрметін қалыптастыруға, заңсыз мінез-құлық үшін жауапкершіліктің бұлтартпастығын түсінуге, сондай-ақ құқық бұзушылықтар мен жол-көлік оқиғаларының алдын алуға ықпал етеді.

    Прокуратура халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және қоғамда «ЗаңменТәртіп»қағидатын қалыптастыру жөніндегі жұмысты жалғастырады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы" жаңалықтары