Абай облысы Полиция департаменті жүргізушілерге жеңіл жол-көлік оқиғаларын полиция шақырмай, сотқа жүгінбей және әкімшілік жаза қолданылмай рәсімдеу мүмкіндігін еске салады.
Еурохаттаманы рәсімдеу шарттары:
ЖКО-ға тек екі көлік қатысуы;
Екі жүргізушінің де қолданыстағы сақтандыру полисі болуы;
Келтірілген залалдың 100 АЕК-тен аспауы;
Оқиғаның мән-жайы, кінәлі тарап және зақымдар бойынша келіспеушіліктің болмауы;
Зардап шеккендердің және өзге мүлікке келтірілген залалдың болмауы.
Еурохаттаманы «Europrotocol», «DTP.kz », «Halyk Kazakhstan» қосымшалары немесе сақтандыру ұйымының ресми интернет-ресурсы арқылы рәсімдеуге болады.
Ол үшін сәйкестендіруден өтіп, декларацияны толтырып, оқиға орнынан фото және бейнематериалдарды тіркеу қажет.
Сақтандыру ұйымынан декларацияның қабылданғаны туралы хабарлама алғаннан кейін ғана оқиға орнынан кетуге болады.
Барлық шарттар сақталған жағдайда жүргізушілер аталған ЖКО үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды.
Егер Еурохаттама талаптары орындалмаса, полиция шақыру қажет.
Еурохаттама: жол-көлік оқиғасын полиция шақырмай және әкімшілік жауапкершілікке тартылмай рәсімдеуге болады
Ұқсас материалдар

Қазақстан мен Бельгия білім беру мен ғылыми зерттеулерде жасанды интеллектіні қолдану мәселелерін талқылады
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіАшу
Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
Железин ауданының әкімдігіАшу
Суды үнемдеу, қалдықтарды сұрыптау: Астанада 300 мыңға жуық оқушы экосағатқа қатысты
Астана қаласының әкімдігіАшу
Столичные спасатели перешли на зимнюю форму одежды
Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментіАшу
Құндылықтарға негізделген тағылым: Астанада колледж кураторлары бас қосты
Астана қаласының әкімдігіАшу
"Абай облысының Полиция департаменті" жаңалықтары

Балалар қауіпсіздігі — ерекше бақылауда: Абай облысында жоғалған балалардың барлығы табылды
Абай облысының Полиция департаментіАшу
Екі күн ішінде Абай облысында 26 жол-көлік оқиғасы тіркелді
Абай облысының Полиция департаментіАшу
«Қауіпсіз үй»: Абай облысында 609 мекенжай тексеріліп, 164 қауіп факторы жойылды
Абай облысының Полиция департаментіАшу
Мекенжайлық тексерулер мен күшейтілген патрульдік бақылау: Абай облысының полициясы зорлық-зомбылық қылмыстарының алдын алуда
Абай облысының Полиция департаментіАшу
Қажет жерлерде патрульдік бақылау: Абай облысының полициясы түнгі уақытта қоғамдық тәртіпті күзетуді күшейтті
Абай облысының Полиция департаментіАшу