Құндылықтарға негізделген тағылым: Астанада колледж кураторлары бас қосты

    1 / 3

    Астана қаласында «Балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» «Құндылықтарға негізделген тағылым-тәрбие негіздері: сценарий мен әзірлеме үлгілері» тақырыбында ашық алаң өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

    Бұл жылдық жоспарға байланысты «М. Тынышбаев атындағы Астана ALT көлік колледжі» базасында ұйымдастырылды.

    Іс-шара барысында «Тағылым мен тәрбие – жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізі», «Адал азамат күнделікті әрекет айнасы: колледждегі тәрбие тәжірибесі», «Адал азамат» құндылықтарын бойына сіңірген тұлға қалыптастыру», «Қамқорлықтан құндылыққа: студенттердің әлеуметтік белсенділігін дамыту», «Адал азамат» бағдарламасы аясындағы «Ұлт ажары» идеясы», »Ұлттық сана тірегі: аты аңызға айналған Роза», «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар маңызы» тақырыптарында еркін үлгіде тәжірибелік әкелген үлгілі сценарий, әзірлеме, ұсынымдарын ортаға салып, пікір тыңдалып, практикалық жұмыс қызу талқыланды.

    «Ашық алаңның мақсаты құндылыққа негізделген оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда кураторлардың әдістемелік-тәжірибесімен бөлісуі еді. Бұл іс-шараға 1 тәрбие орынбасары мен 7 топ жетекшілері «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы құндылықтар айының мазмұнына сай тәжірибелік әзірлемелер мен әдістемелік ұсынымдар, сценарийлер арқылы тәрбие жұмысының маңызды, тиімді тәжірибелерін ортада көрсете білді», – деді М.Тынышпаев атындағы Астана ALT көлік колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айнұр Сарсенбаева.

    Іс-шарада «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы және «Таза Қазақстан», «Заң мен тәртіп» тұжырымдамаларын іске асыру, 6 құндылық пен 6 жобаның терең тәрбие тағылымы мен тәрбие негіздерін студенттің талап-тілегіне, қабылдау ықыласына лайықты маңызды және тиімді жолдары көрсетілді. Тәжірибелік алаңда 32 колледж кураторлары мен жаңа келген тәрбие орынбасарлары қамтылды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының әкімдігі" жаңалықтары