«Құқықтық дәріхана»: нақты нәтижеге бағытталған құқықтық көмек

    «Құқықтық дәріхана»: нақты нәтижеге бағытталған құқықтық көмек

    06.10.2026 жылы Петропавл қаласында және облыстың 13 аудан орталығында кезекті «Құқықтық дәріхана» акциясы өткізілді.

    Акция барысында Петропавл қаласы мен облыс аудандарының тұрғындарына еңбек, тұрғын үй, әлеуметтік, жер және өзге де құқықтарын қорғау мәселелері бойынша тегін құқықтық консультациялар беріліп, мемлекеттік органдарға жүгіну және олардың шешімдеріне шағым жасау тәртібі түсіндірілді.

    Іс-шара барысында азаматтарға заңнама нормаларын түсіндірумен қатар, бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге бағытталған практикалық көмек көрсетуге ерекше назар аударылды.

    Мәселен, акция барысында прокурорларға мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға қатысты мәселесі бойынша азамат жүгінді. Өтініш берушіге қабылданған шешімге шағымдану тәртібі түсіндіріліп, ұсынылған құжаттар зерделенді және уәкілетті мемлекеттік органға тиісті өтініш дайындауға практикалық көмек көрсетілді.

    Қарау нәтижелері бойынша мәселе бақылауға алынып, қажетті шаралар қабылданды. Нәтижесінде азаматтың бұзылған құқығы қалпына келтірілді.

    Мұндай мысалдар «Құқықтық дәріхана» акциясының тек консультация берумен шектелмей, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға нақты ықпал ететінін көрсетеді.

    Акция тұрақты негізде өткізіледі және құқықтық көмекті азаматтарға барынша қолжетімді, түсінікті әрі жақын етуге бағытталған.

    «Құқықтық дәріхана» — әр азаматқа жақын құқықтық көмек, нақты нәтиже.

    Жалпы, акция барысында123 азамат қабылданды.Ағымдағы жылдың басынан бері облыс прокуратурасы өткізген «Құқықтық дәріхана» акциялары аясында3 300-ден астам азаматқабылданды.

    Облыс прокуратурасы тұрғындарды алдағы уақытта да «Құқықтық дәріхана» акциясы аясында білікті құқықтық көмек алу мүмкіндігін пайдалануға шақырадыәр сейсенбі сайынПетропавл қаласындағы«Рахмет» сауда үйінде, сондай-ақ облыстың аудан орталықтарында(сауда-ойын-сауық орталықтарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, мәдениет үйлерінде, аудандық ауруханаларда және басқа да орындарда)өткізіледі.

    Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы" жаңалықтары