Жылыту маусымына дайындық аясында Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының ұйымдастыруымен «Атамекен» ҰКП, ОСИ, КСК, хостелдер мен студенттік жатақханалардың басшыларының қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Кездесу барысында тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жылыту құралдары мен электр жабдықтарын дұрыс пайдалану, өрттің алдын алу және төтенше жағдай кезінде адамдарды қауіпсіз эвакуациялау мәселелері талқыланды. Сонымен қатар қатысушыларға өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау және тұрғындар арасында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігі ескертілді.
Жамбыл облысы ТЖД