1 / 3
Тараз теміржол көлігі және коммуникациялар колледжінде ТЖД қызметкерлерінің қатысуымен профилактикалық іс-шара өткізілді.
Ашық сабақ барысында қатысушыларға өрт қауіпсіздігі ережелері, балалардың терезеден құлау оқиғаларының алдын алу, жер сілкінісі кезіндегі іс-қимыл тәртібі, сондай-ақ қысқы кезеңдегі қауіпсіздік шаралары түсіндірілді.
Қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға, төтенше жағдайлардың алдын алуға және қауіп туындаған кезде дұрыс әрекет етуге ерекше назар аударылды.
Мұндай іс-шаралар жастардың қауіпсіздік туралы білімін арттырып, өз өмірі мен айналасындағылардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға ықпал етеді.
Жамбыл облысы ТЖД









