1 / 5
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Қызылжар ауылдық округіне жұмыс сапары барысында салынып жатқан жаңа спорт кешенінің құрылыс барысын бақылады.
Аудан басшысы нысанды аралау кезінде құрылыс жұмыстарының қазіргі жағдайымен танысып, бұған дейінгі зерделеу барысында берілген тапсырмалардың орындалу барысын пысықтады. Нысанның белгіленген мерзімде аяқталуы, құрылыс жұмыстарының сапалы жүргізілуі және техникалық талаптардың сақталуы басты назарға алынды.
Бүгінде мердігер мекеме тарапынан спорт кешені ғимаратының ішкі әрлеу жұмыстары, сыртқы абаттандыру жұмысытары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен атқарылып, нысанның негізгі құрылымдары қалыптастырылуда.
Айта кетсек, жаңа спорт кешенінің пайдалануға берілуі Қызылжар ауылдық округі тұрғындарының спортпен тұрақты айналысуына қолайлы жағдай қалыптастырады. Заманауи спорт нысаны балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізуіне, спорттық үйірмелерге белсенді қатысуына және олардың спортқа деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі









