«ӨНДІРІСТІК ПАРК» ЕКІНШІ КЕЗЕҢДЕГІ НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

    1 / 9
    Сарыағаш ауданында өндіріс саласын дамыту, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау және жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бағытындағы жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Бұл ретте өндірістік парк аумағын дамытуға және кәсіпкерлерге қажетті жағдай қалыптастыруға басымдық беріліп отыр.
    Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев өндірістік парк аумағында жүргізіліп жатқан жобалардың қазіргі жағдайымен танысып, алдағы жоспарлар мен атқарылуы тиіс жұмыстардың бағыт-бағдарын пысықтады. Сондай-ақ, тиісті сала басшыларына өндірістік парк аумағында жұмыс атқарып отырған инвесторлардың өзекті мәселелерін жіті бақылауда ұстап, заң аясында қолдау көрсетуді тапсырды.
    Қазіргі таңда өндірістік парк аумағында бірінші кезеңдегі бес өндірістік ғимараттың құрылыс жұмыстары толық аяқталған. Бүгінде аталған нысандарда өндірістік желілерді орналастыру, технологиялық құрал-жабдықтарды құрастыру және өндірісті іске қосуға қажетті жұмыстар жүргізілуде.
    Сонымен қатар, екінші кезең аясында өндірістік ғимараттардың темір конструкциялары орнатылып, сыртқы қаптау жұмыстарына дайындық жүргізілуде. Кәсіпкерлердің жоспарына сәйкес, құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылдың қараша айына дейін аяқтау көзделген.
    Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары