Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті

    1 / 3

    2026 жылғы 13 қазанда Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы29 қарашаға тағайындалғанЖамбыл облысы Қордай аудандық мәслихаты депутаттарыныңкезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізумәселелеріне арналған отырысы өтті.

    Отырыс күн тәртібіндеҚордай аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру және шекараларын бекіту туралы сайлау округтерінің шекараларын қайта бекіту туралы, сондай-ақ,сайлау науқанының күнтізбелік жоспарын бекіту туралы қаулыларын қабылдау және өзге де құқықтық және ұйымдастырушылық мәселелері қаралды.

    Отырыс барысында алдағы сайлау науқанына дайындық барысы, сайлау заңнамасының талаптарын сақтау, сайлау процесінің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ сайлауды ұйымдастыру аясында жүзеге асырылатын негізгі іс-шаралар талқыланды.

    Комиссия мүшелері сайлау науқанын қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес өткізуге, сайлаушылардың құқықтарын сақтауға және сайлау процесіне қатысушылардың өз міндеттерін тиісінше орындауына ерекше назар аударды.

    Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы алдағы сайлауды ұйымдастыру және өткізу бағытындағы жұмыстарды заңнама талаптарына сәйкес жалғастырады.

    Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қордай ауданының әкімдігі" жаңалықтары