Қордай ауданының әкімдігі

    Әкімдік туралы

    «Қордай ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өңірді ұйымдастыру-құқықтық, ақпараттық-талдау, консультациялық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Кепілдендірілген әлеуметтік топтама кімдерге беріледі?

    Жауап

    Кепілдік берілген әлеуметтік топтама шартсыз немесе шартты ақшалай көмек алатындар қатарындағы: бір жастан алты жасқа дейінгі балалары, сондай-ақ орта білім беру ұйымдарында оқуға кіріспеген алты жасқа толған балалары бар табысы аз отбасыларға – атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезеңінде; алты жастан он сегіз жасқа дейінгі балалары, сондай-ақ орта білім беру ұйымдарында білім алатын, он сегіз жасқа толған балалары бар табысы аз отбасыларға тиісті оқу жылы ішінде беріледі. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін жалған мәліметтер және (немесе) анық емес құжаттар ұсыну жағдайларын қоспағанда, шартсыз немесе шартты ақшалай көмекті төлеуді тоқтату отбасыларға кепілдік берілген әлеуметтік топтама беруді тоқтатуға негіз болып табылмайды.

    Сұрақ

    Атаулы әлеуметтік көмек алу кімнің құқығы бар?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес, жан басына шаққандағы орташа табысы облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың, босқындардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар (2022 жылдың І тоқсанына кедейшілік шегі 25646 теңгені құрайды).

    Сұрақ

    Атаулы әлеуметтік көмек көрсету мәселесі бойынша қайда жүгіну керек?

    Жауап

    Атаулы әлеуметтік көмек көрсетілуі үшін тұрғылықты жері бойынша – халықты жұмыспен қамту орталығына, ал ауылдық жерлерде кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне және «E-gov «Электрондық Үкіметі» веб-порталы арқылы өтінішпен жүгінеді.

    Сұрақ

    Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезектілік нөмірін қалай білуге болады?

    Жауап

    Тұрғын үйге кезектілік нөмірін Электрондық үкімет eGov.kz порталында тексеруге болады. Электрондық үкімет порталындағы сервис тұрғын үй кезектілігінің жылжуы туралы деректерді қарауға, сонымен қатар Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алғандардың кезектілік тізімін тексеруге мүмкіндік береді. Ол үшін Электрондық үкімет порталында авторлық тіркелу, ЖСН көрсету және «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезегін қарау» сервисін таңдау керек.

    Сұрақ

    Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасын және отбасы құрамы туралы анықтаманы қай жерден алуға болады?

    Жауап

    Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасын және отбасы құрамы туралы анықтамасын алу үшін жергілікті әкімшілікке қайырылу қажет. Анықтама жеке тұлғаның тіркеуде тұрған елді мекені бойынша беріледі. Мысалы, азамат Қордай ауылында тіркелген, бірақ Қарасу ауылында тұратын болса, онда анықтаманы Қордай ауылдық округі әкімшілігінен алады. Егер жеке тұлғаның тұрғылықты жері мен тіркелген жері бір елді мекенде болса, онда сол округтің әкімшілігінен ала береді. Анықтама алу үшін өзімен бірге жеке куәлік және ағымдағы салық кезеңіне мүлік салығы төленгендігі туралы түбіртек болу қажет. Сонымен қатар, тіркелген мекенжай бойынша жаңадан отбасы мүшесін немесе туысын тіркеуге қойған болса, онда ол азаматтың да жеке басын куәландыратын құжат ( жеке куәлік немесе туу туралы куәлік) болуы қажет.

    Сұрақ

    Тұрғын үйге кезекке тұру үшін қайда қайырылу керек және қандай құжаттар қажет?

    Жауап

    Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй кезегіне тіркелу үшін тиісті құжаттар тізімін аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және жолдары бөлімінен алып, «еgov» порталы арқылы немесе «Азаматтарға арналаған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы ХҚКО (Халыққа Қызмет Көрсету Орталығы) арқылы өткізуі қажет. Құжаттары толық, қолданыстағы Қазақстан Республикасының Заң талаптарына қайшы келмеген жағдайда тиісті санатқа (категория) жатқызылып, кезекке (тұрғын үй заң аясында кезекке сәйкес беріледі) алынатын болады.

    Ақпарат

    Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2026 - 2027 жылға сұранысқа ие мамандықтар тізбесін алдағы кезеңге бекіту туралы

    Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2026 - 2027 жылғасұранысқа ие мамандықтар тізбесін алдағы кезеңге бекітутуралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37 – бабына және «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 06 қарашадағы № 72 бұйрығына сәйкес, Қордай ауданының әкімдігіҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2026 - 2027 жылға ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне сұранысқа ие мамандықтар тізбесі алдағы кезеңге бекітілсін; «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шаралардың қабылдауын қамтамасыз етсін; Осы қаулынын орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. Қордай ауданының әкімі Б. Болатбеков

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 - 2027 жылдарға сұранысқа ие мамандардың тізімі

    Қордай ауданы әкімдігінің 2026 жылғы « 09 » қазандағы № 415 қаулысына қосымша 2026 - 2027 жылдарға сұранысқа ие мамандардың тізімі Р/с Мекеме атауы Мамандықтың атауы Саны Денсаулық сақтау саласы 1 Әлжан ана ауылы дәрігерлік амбулатория Акушерка 1 2 Гвардейский ауылы дәрігерлік амбулатория Терапевт дәрігері 1 3 Гвардейский ауылы дәрігерлік амбулатория Жалпы практикалық дәрігер 1 4 Жамбыл ауылы дәрігерлік амбулатроия Акушерка 1 5 Қордай аудандық орталық ауруханасы Жалпы практикалық дәрігер 5 6 Қордай аудандық орталық ауруханасы Эпидемиолог дәрігері 2 7 Қордай аудандық орталық ауруханасы Анастезиолог-реаниматолог дәрігері 1 8 Қордай аудандық орталық ауруханасы Офтальмолог дәрігері 1 9 Қордай аудандық орталық ауруханасы Стоматолог дәрігері 1 10 Қордай аудандық орталық ауруханасы Кардиолог дәрігер 1 11 Қордай аудандық орталық ауруханасы (функционалды диагностика бөлімі) Медбике 1 12 Қордай аудандық орталық ауруханасы (дәрі-дәрмек бөлімі) Фармацевт 1 13 Қордай аудандық орталық ауруханасы (жұқпалы аурулар бөлімі) Медбике 1 14 Қордай аудандық орталық ауруханасы (БМСК бастапқы медикалық санитарлық көмек бөлімі) Медбике 2 15 Қордай аудандық орталық ауруханасы (акушерлік-гинекологиялық бөлімі) Акушерка 1 16 Масанчи ауылы ауылдық аурухана Жалпы практикалық дәрігер 2 17 Сортөбе ауылы ауылдық аурухана Ангиохирург дәрігер 1 18 Сортөбе ауылы ауылдық аурухана Оториноларинголог дәрігер 1 Ауыл шаруашылығы саласы 19 Жамбыл облысының ветеринариялық станциясы шаруашылық жүргізу құқындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынының «Қордай ауданының ветеринария бөлімі» Ветеринарлық дәрігер (Қордай ауылдық округі) 1 Мәдениет саласы 20 Аудандық мәдениет үйі Үйірме жетекшісі (сахна мәдениеті) 1 Қарасай ауылдық мәдениет үйі (ITLab) үйірме жетекшісі 1 Кенен ауылдық мәдениет үйі Әдіскер 1 Спорт саласы 21 №2 Балалар мен жасөспірімдер дене шынықтыру клубы Үстел теннисі жаттықтырушы 1 22 №3 Балалар мен жасөспірімдер дене шынықтыру клубы Волейбол жаттықтырушы 1 23 №17Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі Еркін күрес жаттықтырушы 1 24 №19Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі Көкпар жаттықтырушы (ат спорты) 1 Әлеуметтік саласы 25 Қордай аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығы Медбике 1 Мәдени ұйымдастырушы 1 Емдеу және дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы 1 Білім саласы 26 №1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп – гимназиясы Бастауыш сынып (қазақ сыныпта) 1 27 Қаныш Сәтпаев атындағы орта мектеп Биология (орыс сыныпта) 1 28 №7 Александр Пушкин атындағы орта мектеп Кәсіби бағдар 1 Әлеуметтік педагог 1 29 №8 Өтеген батыр атындағы негізгі мектеп Бастауыш сынып (қазақ сыныпта) 1 30 Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектеп Алғашқы әскери дайындық және дене шынықтыру пәнінің мұғалімі 1 31 Мәншүк Мәметова атындағы орта мектебі Бастауыш сынып (орыс сыныпта) 1 32 №19 Бұлар батыр атындағы орта мектеп Орыс тілі мен әдебиет (орыс сыныпта) 1 33 Мағжан Жұмабаев атындағы орта мектеп Бастауыш сынып (қазақ сыныпта) 1 34 Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектеп Бастауыш сынып (қазақ сыныпта) 1 35 №23 Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектеп Химия пәні (қазақ сыныпта) 1 36 №35 Рза Кунакова атындағы орта мектеп Математика (қазақ сыныпта) 1 Орыс тілі мен әдебиет (қазақ сыныпта) 1 Дене шынықтыру 1 37 Жұбан Молдағалиев атындағы негізгі мектеп География пәні (орыс сыныпта) 1 Алғашқы әскери дайындық және дене шынықтыру пәнінің мұғалімі 1 38 Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы орта мектеп Мектеп алды даярлық педагог (қазақ сыныпта) 1 39 №1 балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы «Дзюдо» үйірмесінің педагогы 1 40 №3 балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы Дене шынықтыру (қазақ сыныпта) 1 41 №7 Бетқайнар колледжі Педагог - психолог 2 «Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығына арнайы пән мұғалімі 1 №7 Бетқайнар колледжі (Сортөбе ауылына) «Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығына өндірістік оқыту шебері 1 Мемлекеттік қызметкерлер 42 Ауқатты ауылдық округі әкімінің аппараты Бас маман 1 43 Қарасай ауылдық округі әкімінің аппараты Бас маман 2 44 Қордай ауылдық округі әкімінің аппараты Бас маман 1 45 Сортөбе ауылдық округі әкімінің аппараты Бас маман 2

    Жарияланды:
    Басқа

    Ақпараттық-хабарлама Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру туралы бойынша конкурсқа ұсынылатын жер учаскелерінің тізімі

    Жарияланды:
    Басқа

    Қоршаған ортаға әсерді бағалау ауқымын айқындау және/немесе ұсынылатын қызметтің әсерлеріне қатысты скрининг жүргізу жөніндегі қорытынды

    Жарияланды:
    Басқа

    Елімізде 100 жастан асқан 44 зейнеткер бар

    Елімізде 100 жастан асқан 44 зейнеткер бар 1 қазан - Қазақстанда Қарттар күні атап өтіледі. Бұл айтулы дата - аға буынның өмірлік тәжірибесі мен атқарған еңбегін ұлықтайтын күн. Бүгінде олардың басым бөлігі - зейнеткерлер. Қарттардың әрқайсысының артында адал еңбек, пен еліміздің қалыптасу кезеңдеріндегі тарихи үлесі жатыр. Қазіргі таңда республика бойынша 2,4 миллионнан астам азамат зейнетақы төлемдерін алады. Гендерлік құрылымға сүйенсек, зейнеткерлердің 64%-ын әйелдер, ал 36%-ын ер адамдар құрайды. Осылайша, зейнетақы төлемдерін алатындардың жалпы санының үштен екісі әйелдер қауымына тиесілі. Бұдан бөлек, еліміз бойынша 44 зейнеткер жүз жасты алқымдағандар қатарында. Олардың арасында өмір жолы өнегеге толы азаматтар аз емес. Әйел адамдар ішінде еліміздегі ең жасы үлкен зейнеткер Шымкент қаласында тұрады. 106 жастағы кейуана бүгінде өнегелі отбасының ортасында, жақындарының мейірімі мен қамқорлығына бөленіп отыр. Ал ер азаматтар арасындағы ең жасы үлкен зейнеткер - Алматы қаласының 104 жастағы тұрғыны - Зұлқарнай Сейітов. Ұлы Отан соғысының ардагері, биология ғылымдарының докторы, профессор, академик Зұлқарнай Сейітов Сталинград шайқасынан Берлинге дейінгі майдан жолын басып өткен. Соғыстан кейін өмірін ғылым мен педагогикаға арнап, ондаған жылдар бойы жемісті еңбек етті. Ол 150-ден астам ғылыми еңбектің, монографиялар мен оқу құралдарының авторы. Ардагер «Қызыл Жұлдыз», II дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен, «Сталинградты қорғағаны үшін» және «Ерлігі үшін» медальдарымен марапатталған. Қазақстандық ғасыр куәгерлерінің тағдыры - замандар сабақтастығы мен ұрпақтар байланысының айқын көрінісі. Олардың жылдар бойы атқарған еңбегі, төзімділігі мен кәсіби жетістіктері мемлекетіміздің бүгінгі дамуына берік негіз болды. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы еліміздің дамуына қосқан үлесі үшін барша аға буын өкілдеріне құрметі мен алғысын білдіріп, барша отандастарымызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және отбасылық береке тілейді.

    Жарияланды:
    Басқа

    Қоршаған ортаға әсерді бағалау ауқымын айқындау және/немесе ұсынылатын қызметтің әсерлеріне қатысты скрининг жүргізу жөніндегі қорытынды

    Жарияланды: