Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасын және отбасы құрамы туралы анықтамасын алу үшін жергілікті әкімшілікке қайырылу қажет. Анықтама жеке тұлғаның тіркеуде тұрған елді мекені бойынша беріледі. Мысалы, азамат Қордай ауылында тіркелген, бірақ Қарасу ауылында тұратын болса, онда анықтаманы Қордай ауылдық округі әкімшілігінен алады. Егер жеке тұлғаның тұрғылықты жері мен тіркелген жері бір елді мекенде болса, онда сол округтің әкімшілігінен ала береді. Анықтама алу үшін өзімен бірге жеке куәлік және ағымдағы салық кезеңіне мүлік салығы төленгендігі туралы түбіртек болу қажет. Сонымен қатар, тіркелген мекенжай бойынша жаңадан отбасы мүшесін немесе туысын тіркеуге қойған болса, онда ол азаматтың да жеке басын куәландыратын құжат ( жеке куәлік немесе туу туралы куәлік) болуы қажет.