Кепілдендірілген әлеуметтік топтама кімдерге беріледі?

    ·
    Сұрақ

    Кепілдендірілген әлеуметтік топтама кімдерге беріледі?

    Жауап

    Кепілдік берілген әлеуметтік топтама шартсыз немесе шартты ақшалай көмек алатындар қатарындағы:

    бір жастан алты жасқа дейінгі балалары, сондай-ақ орта білім беру ұйымдарында оқуға кіріспеген алты жасқа толған балалары бар табысы аз отбасыларға – атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезеңінде;

    алты жастан он сегіз жасқа дейінгі балалары, сондай-ақ орта білім беру ұйымдарында білім алатын, он сегіз жасқа толған балалары бар табысы аз отбасыларға тиісті оқу жылы ішінде беріледі.

    Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін жалған мәліметтер және (немесе) анық емес құжаттар ұсыну жағдайларын қоспағанда, шартсыз немесе шартты ақшалай көмекті төлеуді тоқтату отбасыларға кепілдік берілген әлеуметтік топтама беруді тоқтатуға негіз болып табылмайды.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Атаулы әлеуметтік көмек алу кімнің құқығы бар?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес, жан басына шаққандағы орташа табысы облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың, босқындардың, шетелді...

    ·
    Сұрақ

    Атаулы әлеуметтік көмек көрсету мәселесі бойынша қайда жүгіну керек?

    Жауап

    Атаулы әлеуметтік көмек көрсетілуі үшін тұрғылықты жері бойынша – халықты жұмыспен қамту орталығына, ал ауылдық жерлерде кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне және «E-gov «Электрондық Үкіметі» веб-порталы арқылы өтінішпен жүгінеді.

    ·
    Сұрақ

    Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезектілік нөмірін қалай білуге болады?

    Жауап

    Тұрғын үйге кезектілік нөмірін Электрондық үкімет eGov.kz порталында тексеруге болады. Электрондық үкімет порталындағы сервис тұрғын үй кезектілігінің жылжуы туралы деректерді қарауға, сонымен қатар Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алғандардың кезектілік тізімін тексеруге...

    ·
    Сұрақ

    Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасын және отбасы құрамы туралы анықтаманы қай жерден алуға болады?

    Жауап

    Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасын және отбасы құрамы туралы анықтамасын алу үшін жергілікті әкімшілікке қайырылу қажет. Анықтама жеке тұлғаның тіркеуде тұрған елді мекені бойынша беріледі. Мысалы, азамат Қордай ауылында тіркелген, бірақ Қарасу ауылында тұратын болса, онда а...

    ·
    Сұрақ

    Тұрғын үйге кезекке тұру үшін қайда қайырылу керек және қандай құжаттар қажет?

    Жауап

    Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй кезегіне тіркелу үшін тиісті құжаттар тізімін аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және жолдары бөлімінен алып, «еgov» порталы арқылы немесе «Азаматтарға арналаған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Жамб...

    ·