Таразда қауіпсіздік бойынша ауқымды рейд өткізілді

    1 / 4

    амбыл облысы ТЖДТараз қаласында Жамбыл облысының ТЖД қызметкерлері коммуналдық қызмет өкілдерімен және еріктілермен бірлесіп ауқымды профилактикалық рейд өткізді. Тұрғындарға өрт қауіпсіздігі, жылыту құрылғыларын дұрыс пайдалану, мұржалардың жарамдылығын тексеру және қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алу және суық мезгілде қауіпсіз жүріп-тұру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың үйлеріне улы газын анықтайтын датчиктер орнатылды. Іс-шараның мақсаты - жылыту маусымында өрттер мен жазатайым оқиғалардың алдын алып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

    Жамбыл облысы ТЖД

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары