2026 жылғы 13 қазанда сағат 18:30-да Көкпекті ауданының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті.

    БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

    2026 жылғы 13 қазанда сағат 18:30-даКөкпекті ауданыныңаумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті.

    Отырыс барысында 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған мәслихат депутаттарының сайлауын ұйымдастыруға және өткізуге байланысты үш мәселе қаралды.

    Бірінші мәселе бойынша комиссияКөкпекті аудандықмәслихат депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарынбекітті.

    Екінші мәселе аясында сайлау инфрақұрылымының жай-күйі қаралды. Атап айтқанда, сайлау комиссияларының құрамдары, сайлау округтері, олардың тізімдерін жариялау, сондай-ақ сайлаушыларды сайлау комиссияларының орналасқан жерлері туралы уақтылы хабардар ету мәселелері талқыланды.

    Үшінші мәселе бойынша учаскелік сайлау комиссияларының жұмыс кестесі бекітілді.

    Отырыс қорытындысы бойынша тиісті қаулылар қабылданды.Көкпекті ауданыныңаумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес сайлауды әзірлеу мен өткізуді қамтамасыз етуге бағытталған алдағы ұйымдастырушылық іс-шараларды айқындады.

    Көкпекті ауданының

    аумақтық сайлау комиссиясы

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Көкпекті ауданының әкімдігі" жаңалықтары