Көкпекті ауданының әкімдігі

    Әкімдік туралы

    «Абай облысы Көкпекті ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Әкім аппараты) жергілікті атқарушы орган мен аудан әкімінің қызметін ақпараттық – талдау, ұйымдастыру – құқықтық және материалдық – техникалық салада қамтамасыз ететін мемлекеттік орган болып табылады.
    Әкім аппараты өз қызметін қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің нормативтік актілеріне және өзге де нормативтік актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Мемлекеттік қызметкер күні

    Құрметті Көкпекті ауданының мемлекеттік қызметшілері! Сіздерді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілер күні кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Қазақстанның мемлекеттік мекемелері – ҚР Президенті және Үкіметі белгілеген еліміздің қалыптасуы мен Республикамыздың дамуының стратегиялық бағыттарын жүзеге асырудың негізі болып табылады. Мемлекеттік қызметкердің еңбегі терең біліктілікті, үлкен жауапкершілік пен төзімділікті талап етеді. Өз тағдырын Сіздерге сеніп тапсырған, Сіздердің біліктіліктеріңіз бен кәсіпқойлықтарыңызға сенім артқан азаматтарға қызмет етуден құрметті мамандық жоқ. Мемлекеттік қызметкер мемлекеттің бейнесін, халыққа деген қамқорлығын жеткізетін адам. Сондықтан бұл бағытты қамтыған әр маманға үлкен талаптар мен міндеттер қойылып отыр. Мемлекеттік қызметші болу – ол аянбай еңбек етіп, халық мүддесін қорғау, елдің дамуына септігін тигізу. Мемлекеттік қызметкерлер жұмысының сапасына әлеуметтік және экономикалық өзгерістер, халық өмірінің деңгейі мен жалпыұлттық жобалардың жүзеге асырылуы тәуелді. Мемлекет жоғары мамандандырылған, ұйымдасқан, құқықтық және нәтижелі басқармасы болған жағдайда ғана табысты болып гүлденеді. Мемлекеттік қызмет – бұл барлық мемлекеттік басқаруды ұйымдастырудағы жетекші рөлді атқаратын мемлекет жүйесінің ең маңызды тетіктерінің бірі. Кез келген қоғам мемлекеттік басқарусыз, яғни мемлекеттік қызметшілерсіз әрекет етуі мүмкін емес. Билікке деген сенім қазіргі қоғамның талаптарына сай мемлекеттік қызметшіден басталады. Ауданымыздың қарқынды дамуы Сіздердің мамандылықтарыңызға, тәжірибелеріңізге, ұмтылыстар мен жiгеріңізге тікелей байланысты. Сіздерге халыққа қызмет ету сияқты мәртебелі істе табыс, жақсылық пен бейбітшілік, кемеңгерлік пен төзімділік тілейміз. Отбасыларыңызға мықты денсаулық, амандық пен Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігіне жасалған барлық бастамаларыңызға табыс тілейміз. Д. Оразбаев, аудан әкімі

    23 маусым 2026 ж.Тікелей

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Ағымдағы тендерлер мен мемлекеттік сатып алу конкурстары туралы қалай білуге болады?

    Жауап

    Ағымдағы тендерлер мен мемлекеттік сатып алу конкурстары туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алудың ресми порталынан табуға болады www.goszakup.gov.kz . порталдағы хабарландыруларды іздеу функциясы арқылы.

    Сұрақ

    Мектепте оқитын қай санаттағы оқушылар тегін тамақпен қамтамасыз етіледі?

    Жауап

    ҚР үкіметтерінің № 64 Қаулысына сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің мынадай санаттары тегін тамақ алуға құқылы: 1) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға; 2) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балаларға; 3) жетім балаларға және отбасында тұратын ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға; 4) Төтенше жағдайлар нәтижесінде шұғыл көмекті талап ететін отбасылардан шыққан балаларға; 5) білім беру ұйымының алқалы органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына (бұдан әрі – білім алушылар мен тәрбиеленушілер) беріледі. Білім беру ұйымының алқалы басқару органы Қамқоршылық кеңес болып табылады.

    Сұрақ

    Азаматтарды қабылдау орталығы туралы ақпаратты қайдан ала аламын?

    Жауап

    Азаматтарды қабылдау орталығы туралы ақпаратты келесі сілтеме арқылы көре аласыз: https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kokpekti/press/article/details/184559?lang=kk Азаматтарды қабылдау орталығы өз қызметін мемлекеттік органдардың халықпен өзара іс-қимылы үшін орталықтандырылған алаң ретінде жүзеге асырады. Жұмыс кестесі: Дүйсенбі-жұма, сағат 09:00 ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін. Орналасқан жері: Абай облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы, Шериаздан көшесі 44А мекенжайында орналасқан. Байланыс телефоны: 8(72348)2-72-55

    Сұрақ

    Мен жер телімін автожанармай құю станциясын, асхана-кафе, қонақүй, автожуу және дөңгелек жөндеу станциясын салу үшін жалға ала аламын ба?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 48-бабының 1-тармағына сәйкес, мемлекет меншігіндегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе оларды жалға алу құқығын беру сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) арқылы жүзеге асырылады. Бұл талаптар келесі жағдайларға қолданылмайды: Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 284-бабына сәйкес инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін; халықаралық шарттарға сәйкес шетел мемлекеттері мен халықаралық ұйымдарға; Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер пайдаланушыларына; мемлекеттік органдардың құрылысқа арналған конкурстарында жеңімпаз болған тұлғаларға, егер мұндай құрылыс осы тұлғаларға жер учаскесін беруді талап етсе; жеке және заңды тұлғаларға өз меншігіндегі немесе заттық құқығындағы ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану және ұстау үшін; 5-1) іздестіру жұмыстарын жүргізген аумақтағы құрылыс үшін; 5-2) инженерлік-коммуникациялық желілерді және жүйелерді салу үшін; кондоминиум қатысушыларына; жайылымдық және шабындық жерлерді халықтың мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін; жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия немесе келісімшарт негізінде; мемлекеттік грант ретінде; арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтардың қатысушыларына; мемлекеттік маңызы бар объектілерді салу үшін; халықтың мұқтаждықтарын қанағаттандыруға арналған объектілер үшін; ерекше жер пайдалану режимдерін орнату үшін; жеке қосалқы шаруашылық, бау-бақша немесе тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін; мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында қарастырылған объектілерді салу үшін; халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтарға және отандық өнеркәсіптік кәсіпорындарға; мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары үшін; әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға; индустриялық-инновациялық жобаларды жүзеге асыру үшін; шаруашылық серіктестік мүшелеріне; көшіп келушілерге, егер олар халықтың мұқтаждықтарын қанағаттандыруға арналған құрылыстарды салу мақсатында болса. Осыған сәйкес, автожанармай құю станциясын, асхана-кафе, қонақүй, автожуу және дөңгелек жөндеу станциясын салу үшін жер учаскесін немесе оны жалға алу құқығын беру тек сауда-саттық (конкурс, аукцион) арқылы жүзеге асырылады.

    Сұрақ

    "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметі жайлы

    Жауап

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері: 1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы; 2) "электрондық үкіметтің" www.​egov.​kz веб-порталы (бұдан әрі – портал); Онлайн қызмет алу үшін (портал арқылы «Электронды лицензиялау» www.license.kz ) авторизациядан өтіп, «қызметті онлайн тапсырыс беру» батырмасын басу қажет, өтінішті толтырып, оны ЭЦҚ (электронды цифрлық қолтаңба) арқылы қол қою керек. Өтініштің мәртебесін жеке кабинетте «Менің өтініштерім» бөлімінде қадағалауға болады. Қызмет алушыға жеке кабинетте мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе және қызмет көрсетілу уақыты мен күні туралы хабарлама жолданады. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі портал арқылы қызмет алушының жеке кабинетіне жіберіледі. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар портал арқылы қызмет көрсетушіге мынадай құжаттарды жолдайды: Жер учаскесінің мақсатты тағайындалуын өзгерту туралы өтініш, электронды құжат түрінде, қызмет алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған; Жер учаскесінің мақсатты тағайындалуын өзгерту кезінде, қажет болған жағдайда, жер учаскесінің кадастрлық (бағалаушы) құнын төлеу туралы электронды көшірме, сондай-ақ 9-баптың 5-тармағына сәйкес бюджетке жер учаскесінің кадастрлық (бағалаушы) құны мен өзгертілген мақсатты тағайындалуының арасындағы айырма сомасын төлеу туралы мәлімет. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 1) елді мекен шегінде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген жағдайда – 8 (сегіз) жұмыс күніне дейінгі мерзімде; 2) елді мекеннен тыс жерде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген жағдайда – 16 (он алты) жұмыс күніне дейінгі мерзімде. Көрсетілген мерзімдерге жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шартын жасау мерзімі кірмейді. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.

    Ақпарат

    Абай облысы Көкпекті аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың тіркеу қорытындысы туралы АҚПАРАТ

    Абай облысы Көкпекті аудандықмәслихатыныңдепутаттығына кандидаттардың тіркеу қорытындысы туралы АҚПАРАТ

    Жарияланды:
    Ақпарат

    «TULEK» ПОРТАЛЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

    Мемлекеттік қызметтің ашықтығын арттыру және оған қол жеткізуді жеңілдету мақсатында TULEK «Түлектерге арналған бос орындар» порталы іске қосылды. Портал жоғары оқу орындарының мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеуден өтпей орналасуға ниетті түлектеріне арналған. Бос лауазымдарға орналасу үшін eqyzmet.gov.kz ашық порталында тіркеуден өтіп, «Түлектерге арналған бос орындар» бөліміне өту қажет. Одан әрі келесі әрекеттер жүзеге асырылады: жеке кабинеттегі барлық қажетті бөлімдерді толтыру; жоғары білім туралы дипломды қосымшасымен бірге бір файл түрінде жүктеу; қолжетімді бос жұмыс орындарының тізімімен танысып, алған мамандығыңызға сәйкес келетін лауазымды таңдау; таңдалған бос лауазымға портал арқылы өтінім беру. Негізгі талаптарға назар аударыңыз: ▪️ үлгерімнің орташа балы (GPA) 3,33-тен төмен болмауы тиіс; ▪️ конкурстық іріктеусіз мемлекеттік қызметке орналасу мүмкіндігін жоғары оқу орнын аяқтаған күннен бастап бір жыл ішінде пайдалануға болады. Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаментіне хабарласуға болады. Мекенжайы: Семей қаласы, Аймауытов көшесі, 143А, 2-қабат, № 208 кабинет. Байланыс телефондары: 8 (7222) 35-41-62; 35-47-72. Мемлекеттік қызметтегі кәсіби жолыңызды бастау мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

    Жарияланды:
    Ақпарат

    АҚПАРАТ Абай облысы Көкпекті ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі 2026 жылғы қаңтар-қыркүйек үшін

    2026 жылғы 1 қыркүйектегі халық саны: 12 481 адам. Ауданның әкімшілік бөлінісі: 9 ауылдық округ, 28 ауылдық елді мекен. өнеркәсіп. Өнеркәсіп өнімінің өндіріс көлемі 1 514,6 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі - 54,3%. Оның ішінде: өңдеу өнеркәсібі - 814,2 млн. теңге (НКИ - 46,7%). 2, Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 23 882,5 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі - 100,0%. 3, Негізгі капиталға инвестициялар 12 696,4 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі - 66,0%. 4, Құрылыс жұмыстарының көлемі 10 476,5 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі - 59,6%. 5, Бөлшек сауда айналымының көлемі 4 020,5 млн. теңгені, нақты көлем индексі - 94,4% құрады. 6, 5 921 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 7, 2026 жылғы 1-тоқсандағы орташа айлық атаулы жалақы - 291 735 теңге, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,8% -ға жоғары. 8, Бюджет. Мемлекеттік бюджетке 1 408,4 млн. теңге салық және міндетті төлемдер түсті. НЕГІЗГІ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР № Көрсеткіштер атауы 2024 жыл желтоқсан 2025 жыл желтоқсан 2026 жыл жоспар Орындау қаңтар-қыркүйек 2026 1 Қолданыстағы бағадағы өнеркәсіп өнімінің көлемі, мың теңге 998,3 1 247,6 1 434,7 1 514,6 Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі, % 34,4 98,7 104,0 54,3 2 Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі, мың теңге 35 178,7 39 598,4 42 803,0 23 882,5 Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымының нақты көлем индексі,% 106,6 94,9 105,0 100 3 Негізгі капиталға инвестициялар көлемі, мың теңге 27636,1 24114,1 42 400,0 12 696,4 Негізгі капиталға инвестициялардың нақты көлемінің индексі, % 222,4 85,1 175,8 66,0 4 Құрылыс жұмыстарының көлемі, мың теңге 21135,5 23679,4 24 000,0 10 476,5 Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі % 107,7 99,0 59,6 5 Жалпы алаңы 5322 6431 6 000 5 921,0 шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру 6 Белсенді кәсіпорындардың саны, бірлік 1272 1218 1 248,0 1 143,0 Шағын кәсiпкерлiктiң белсендi субъектiлерi санының өсу қарқыны, % 95,8 102,5 92,9 7 Бөлшек сауда айналымы, мың теңге 4707,4 5312,9 6 192,8 4 020,5 Бөлшек тауар айналымының нақты көлем индексі, % 103,1 106,8 94,4 8 Жергiлiктi бюджетке түсетiн түсiмдер, мың теңге 1 376,2 2 253,9 1683,4 1 408,4 АУДАН БЮДЖЕТІ Атауы 2023 жыл (факт) 2024 жыл (факт) 2025 жыл нақтыланды. 2026 жыл (бекітілген) жоспар) 2026 жыл (сағ. жоспар) Барлығы, оның ішінде: 6 740 939,7 5 301 968,2 6 858 309,0 4 975 944,0 5 411 475,7 Меншікті кірістер 932 581,8 1 376 178,7 2 164 549,9 1 683 411,0 1 1683 411,0 Трансферттер, субвенциялар және қарыздар, оның ішінде: 5 808 357,9 3 925 789,5 4 693 759,1 3 292 533,0 3 728 064,7 субвенциялар 1 333 371,0 1 466 451,0 1 460 879,0 2 562 185,0 2 562 185,0 республикалық трансферттер 0,0 0,0 0,0 облыстық трансферттер 4 474 986,9 2 459 338,5 3 232 880,1 730 348,0 1 165 879, қарыздар 62 100,0 644 668,0 941 824,0 127 588,0 127 588,0 Бос қалдықтар, активтерді сатудан түсетін түсімдер және кредиттерді өтеу 360 873,6 682 150,2 681 881,6 0,0 107 673,4

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Көкпекті ауданы бойынша 2026 жылдың 9 айында келіп түскен өтініштер туралы ақпарат

    2026 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Көкпекті ауданы бойынша барлығы – 398 өтініш келіп түсті. Келіп түскен өтініштердің бөлінісі төмендегідей: - аудан әкімі аппаратына – 186 өтініш - дербес бөлімдерге – 109 өтініш - ауылдық округ әкімдіктеріне – 103 өтініш Бекітілген кестеге сәйкес Азаматтарды қабылдау орталығының жұмысы тұрақты түрде ұйымдастырылуда. 2026 жылдың 9 айында 31 жеке қабылдау өткізіліп , 85 азамат қабылданды. Аудан әкімінің қабылдауында болған барлық азаматтарға қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, Азаматтарды қабылдау орталығында дербес бөлім басшылары 44 азаматқа жеке кеңес берді. Жеке қабылдаулар барысында көтерілген негізгі мәселелер тұрғын үймен қамтамасыз ету, жер қатынастары, электрмен жабдықтау, жұмыспен қамту және материалдық көмек көрсетуге қатысты болды.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Абай облысы Көкпекті аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың ұсынылуы туралы АҚПАРАТ

    Абай облысы Көкпекті аудандықмәслихатының депутаттығына кандидаттардың ұсынылуы туралы АҚПАРАТ (2026 жылғы 29 қарашадағы сайлау) 2026 жылғы 27 қазандағы сағат 18.00-гі жағдай бойынша № р/р Аты-жөні, тегі Туған жылы Жұмыс орны, лауазымы Тұрғылықты жері Кім ұсынды № 1бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Тусупжанов Бауыржан Зияшович 1968 "Толағай" белсенді өмір орталығы, басшының орынбасары Абай облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы Өзін-өзі ұсынуарқылы 2. Мақанұлы Дархан 1997 «Палатцо ауылдық округі әкімінің аппараты"ММ,бас маман м.а. Абай облысы, Көкпекті ауданы, Ажа ауылы Өзін-өзі ұсынуарқылы 3. Шалбаев Чингиз Мухтарович 1987 Көкпекті ауданының"Балалар жасөспірімдер спорт мектебі " КММ,меңгеруші Абай облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы "ӘДІЛЕТ"партиясы № 2бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Нурпейсов Ербол Зейнетович 1979 "Көкпекті" ШЖҚ КМК, басшының м. а. Абай облысы, Көкпекті ауданы, Үлкенбөкенауылы Өзін-өзі ұсынуарқылы 2. Ермуханов Жандос Маликович 1991 "Сәтбаев тау-кен байыту кәсіпорны" ЖШС,шебер Абай облысы, Көкпекті ауданы,Преображенкаауылы Өзін-өзі ұсынуарқылы 3. Санина Елена Сергеевна 1996 Жеке кәсіпкер Абай облысы, Көкпекті ауданы,Преображенкаауылы Өзін-өзі ұсынуарқылы № 3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Омарбекова Арайлым Досбергеновна 1988 "Мемлекеттік тілді және басқа тілдердідамытуорталығы" КММ,директор Абай облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы Өзін-өзі ұсынуарқылы 2. Сулейменов Аскар Дюсенбекович 1970 "Оқушылар шығармашылықсарайы" КМҚК,директор Абай облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы Өзін-өзі ұсынуарқылы 3. Бексаинова Меруерт Кыстаубаевна 1977 «Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектебі»КММ,директор Абай облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы "ӘДІЛЕТ"партиясы № 4бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Баяхметов Тилеген Амангельдинович 1977 "Қ.Аухадиев атындағы орта мектебі" КММ, дене шынықтыру және спортмұғалімі Абай облысы, Көкпекті ауданы, Теректі ауылы Өзін-өзі ұсынуарқылы 2. Баяхтиярова Анаргуль Мухаметкаримовна 1983 "Амангелді атындағы орта мектебі" КММ,директор Абай облысы, Көкпекті ауданы, Ақой ауылы Өзін-өзі ұсынуарқылы 3. Кемербаева Раушан Алпысбековна 1970 "Әділет партиясы" ҚБ Абай облысы Көкпекті аудандық филиалы, төраға Абай облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы "ӘДІЛЕТ"партиясы № 5бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Сапарова Салтанат Курметовна 1989 Үлкен-Бөкен орманшылығыТау-дала филиалы«Семей орманы»РММ,меңгеруші Абай облысы, Көкпекті ауданы, Үлкенбөкен ауылы Өзін-өзі ұсынуарқылы 2. Рахатов Ержан Болатбекович 1986 Абай облысының білім басқармасының«Ерекше режимдегі облыстық арнайы мектеп-интернаты»" КММ,шаруашылық меңгерушісі Абай облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы Өзін-өзі ұсынуарқылы 3. Алгазинов Кайрат Алгазинович 1971 "Абай облысы Көкпекті ауданы әкімінің аппараты" ММ, аудан әкімінің кеңесшісі Абай облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы "ӘДІЛЕТ"партиясы № 6бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Толепбергенова Альмира Ахметоллаевна 1986 "Амина" ЖК, жетекші Абай облысы, Көкпекті ауданы, Үлкенбөкен ауылы Өзін-өзі ұсынуарқылы 2. Жумабеков Рустем Аскарович 1987 ШЖҚ "Облыстық ветеринариялық қызмет" КМК Көкпекті аудандық бөлімі Абай облысының ветеринария басқармасы, ветеринариялық дәрігер Абай облысы, Көкпекті ауданы,Преображенкаауылы Өзін-өзі ұсынуарқылы 3. Турлыбекова Гульмира Акылбековна 1979 "Преображенка орта мектебі" КММ,директор Абай облысы, Көкпекті ауданы,Преображенкаауылы "ӘДІЛЕТ"партиясы 4. Маскаманова Айгуль Айткалиевна 1984 "Мәдениет орталығы" КМҚК, Преображенка ауылының Мәдениет үйі, көркемдік жетекші Абай облысы,Семейқаласы Өзін-өзі ұсынуарқылы № 7бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Нукушев Ермек Токтарович 1985 «Көкжайық ауылдық округі әкімінің аппараты»ММ, жұмысшы Абай облысы, Көкпекті ауданы,Көкжайықауылы Өзін-өзі ұсынуарқылы 2. Чеганов Ержан Қайратұлы 1994 ШЖҚ "Облыстық ветеринариялық қызмет" КМК Көкпекті аудандық бөлімі Абай облысының ветеринария басқармасы, ветеринариялық пункт меңгерушісі Абай облысы, Көкпекті ауданы,Теректі ауылы Өзін-өзі ұсынуарқылы 3. Карыкболов Даулет Кайроллинович 1968 "Боғас" ШҚ,басшы Абай облысы, Көкпекті ауданы,Преображенкаауылы "АУЫЛ"партиясы № 8бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Оралбеков Айдын Оралбекович 1992 ШЖҚ "Облыстық ветеринариялық қызмет" КМК Көкпекті аудандық бөлімі Абай облысының ветеринария басқармасы, ветеринариялық пункт меңгерушісі Абай облысы, Көкпекті ауданы,Көкжайықауылы Өзін-өзі ұсынуарқылы 2. Алпысбаев Жарбол Алматайұлы 1993 "Абай атындағы мектеп-балабақша кешені" КММ, директор Абай облысы, Көкпекті ауданы,Көкжайықауылы Өзін-өзі ұсынуарқылы 3. Қалиқанов Әділхан Ахметұлы 1993 "ҚалМұхЖом-Ахмет"ШҚ,есепші Абай облысы, Көкпекті ауданы, Үлгілімалшы ауылы "ӘДІЛЕТ"партиясы № 9 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Габдрахманов Асхат Метхатович 1987 Абай облысы Көкпекті ауданының «Азаматтарға арналған үкімет " Мемлекеттік корпорациясы», басшының орынбасары Абай облысы, Көкпекті ауданы, Көкжайық ауылы Өзін-өзі ұсынуарқылы 2. Хамитжанова Манара Кыдырхановна 1991 ШЖҚ "Облыстық ветеринариялық қызмет" КМК Көкпекті аудандық бөлімі Абай облысының ветеринария басқармасы, ветеринариялық пункт меңгерушісі Абай облысы, Көкпекті ауданы,Тассайауылы Өзін-өзі ұсынуарқылы 3. Дюсенбаева Индира Серикпековна 1980 "Рустам"ШҚ,басшы Абай облысы, Көкпекті ауданы, Ақой ауылы «Respublica»Партиясы № 10бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Абдрасымова Гульжан Ернаровна 1983 "Үлгілімалшы ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ, комендант Абай облысы, Көкпекті ауданы, Үлгілімалшыауылы Өзін-өзі ұсынуарқылы 2. Жанғаснов Әли Қайратұлы 1997 "Көкпекті орта мектебі" КММ, музыка пәнінің мұғалімі Абай облысы, Көкпекті ауданы,Көкпекті ауылы Өзін-өзі ұсынуарқылы 3. Малгаждаров Мухтар Серикович 1985 Қазақстан Республикасысу ресурстары және ирригация министрлігінің "Қазсушар" ШЖҚ РМК "Абай" филиалының Көкпекті аудандық бөлімі, меңгеруші Абай облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы "ӘДІЛЕТ"партиясы

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңы 31 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңы 27 бабына сәйкес, Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін. Күші жойылды деп танылсын: 1) Көкпекті ауданы әкімдігінің «Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» 2017 жылғы 18 мамырдағы № 131 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5056 болып тіркелген); 2) Көкпекті ауданы әкімдігінің «Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» Көкпекті ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 8 мамырдағы № 131 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2020 жылғы 20 шілдедегі № 248 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7384 болып тіркелген). «Абай облысы Көкпекті ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Көкпекті ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын; 3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Абай облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау Абай облысы Көкпекті ауданы әкімінің аппарат басшысына жүктелсін. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Д. Оразбаев «КЕЛІСІЛДІ» Көкпекті аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 426 қаулысымен бекітілген Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы № Елді мекен атауы Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары 1. Көкпекті ауылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Абай облысы Көкпекті ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында, "Абай облысы Көкпекті ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Бос уақыт орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимараты жанында, Абай облысы білім басқармасының Көкпекті ауданы білім бөлімінің "Көкпекті орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанында 2. Ұзынбұлақ ауылы ауылдық клуб ғимаратының жанында 3. Ажа ауылы Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының "Көкпекті аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Ажа ауылының медициналық пункт ғимаратының жанында 4. Шәріптоғай ауылы Абай облысы білім басқармасының Көкпекті ауданы білім бөлімінің "Шәріптоғай негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанында. 5. Толағай ауылы Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының "Көкпекті аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Толағай ауылының медициналық пункт ғимаратының жанында 6. Преображенка ауылы мәдениет үйі ғимаратының жанында 7. Черноярка ауылы Черноярка ауылының бұрыңғы ауылдық клуб ғимаратының жанында 8. Үкіліқыз ауылы Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының "Көкпекті аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Үкіліқыз ауылының медициналық пункт ғимаратының жанында 9. Үлкенбөкен ауылы Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының "Көкпекті аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Үлкенбөкен ауылының дәрігерлік амбулатория ғимаратының жанында 10. Жансары ауылы Жансары ауылының бұрыңғы мектеп ғимаратының жанында 11. Ақтас ауылы Ақтас ауылының бұрыңғы мектеп ғимаратының жанында 12. Шұғылбай ауылы Абай облысы білім басқармасының Көкпекті ауданы білім бөлімінің "І.Жансүгіров атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанында, Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының "Көкпекті аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Шұғылбай ауылының медициналық пункт ғимаратының жанында 13. Мелитополь ауылы Мелитополь ауылының бұрыңғы медициналық пункт ғимаратының жанында 14. Үлгілімалшы ауылы ауылдық клуб ғимаратының жанында 15. Мамай ауылы Абай облысы білім басқармасының Көкпекті ауданы білім бөлімінің "Амангелді атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіжанында. 16. Нұра ауылы Нұра ауылының бұрыңғы мектеп ғимаратының жанында 17. Сүлеймен ауылы Сүлеймен ауылының бұрыңғы мектеп ғимаратының жанында 18. Тассай ауылы Абай облысы білім басқармасының Көкпекті ауданы білім бөлімінің "Әуезов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанында, Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының "Көкпекті аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Тассай ауылының дәрігерлік амбулатория ғимараттарының жанында 19. Қайнар ауылы Қайнар ауылының бұрыңғы мектеп ғимаратының жанында 20. Ақсу ауылы Ақсу ауылының бұрыңғы мектеп ғимаратының жанында 21. Үшкөмей ауылы Абай облысы білім басқармасының Көкпекті ауданы білім бөлімінің "Үшкөмей бастауыш шағын жинақты мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанында. 22. Теректі ауылы ауылдық клуб ғимаратының жанында, Абай облысы білім басқармасының Көкпекті ауданы білім бөлімінің "Қ.Аухадиев атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанында 23. Көкжайық ауылы ауылдық клуб ғимаратының жанында 24. Ақ-ой ауылы Абай облысы білім басқармасының Көкпекті ауданы білім бөлімінің "А.С.Пушкин атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанында 25. Қарамойыл ауылы ауылдық клуб ғимаратының жанында. 26. Қарағандыкөл ауылы Қарағандыкөл ауылының бұрыңғы ауылдық клуб ғимаратының жанында 27. Биғаш ауылы Абай облысы білім басқармасының Көкпекті ауданы білім бөлімінің "Биғаш негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанында, ауылдық клуб ғимаратының жанында 28. Егінбұлақ ауылы ауылдық клуб ғимаратының жанында

    Жарияланды: