Мен жер телімін автожанармай құю станциясын, асхана-кафе, қонақүй, автожуу және дөңгелек жөндеу станциясын салу үшін жалға ала аламын ба?

    ·
    Сұрақ

    Мен жер телімін автожанармай құю станциясын, асхана-кафе, қонақүй, автожуу және дөңгелек жөндеу станциясын салу үшін жалға ала аламын ба?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 48-бабының 1-тармағына сәйкес, мемлекет меншігіндегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе оларды жалға алу құқығын беру сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) арқылы жүзеге асырылады. Бұл талаптар келесі жағдайларға қолданылмайды:

    1. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 284-бабына сәйкес инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін;

    2. халықаралық шарттарға сәйкес шетел мемлекеттері мен халықаралық ұйымдарға;

    3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер пайдаланушыларына;

    4. мемлекеттік органдардың құрылысқа арналған конкурстарында жеңімпаз болған тұлғаларға, егер мұндай құрылыс осы тұлғаларға жер учаскесін беруді талап етсе;

    5. жеке және заңды тұлғаларға өз меншігіндегі немесе заттық құқығындағы ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану және ұстау үшін;
      5-1) іздестіру жұмыстарын жүргізген аумақтағы құрылыс үшін;
      5-2) инженерлік-коммуникациялық желілерді және жүйелерді салу үшін;

    6. кондоминиум қатысушыларына;

    7. жайылымдық және шабындық жерлерді халықтың мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін;

    8. жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия немесе келісімшарт негізінде;

    9. мемлекеттік грант ретінде;

    10. арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтардың қатысушыларына;

    11. мемлекеттік маңызы бар объектілерді салу үшін;

    12. халықтың мұқтаждықтарын қанағаттандыруға арналған объектілер үшін;

    13. ерекше жер пайдалану режимдерін орнату үшін;

    14. жеке қосалқы шаруашылық, бау-бақша немесе тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін;

    15. мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында қарастырылған объектілерді салу үшін;

    16. халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтарға және отандық өнеркәсіптік кәсіпорындарға;

    17. мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары үшін;

    18. әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға;

    19. индустриялық-инновациялық жобаларды жүзеге асыру үшін;

    20. шаруашылық серіктестік мүшелеріне;

    21. көшіп келушілерге, егер олар халықтың мұқтаждықтарын қанағаттандыруға арналған құрылыстарды салу мақсатында болса.

    Осыған сәйкес, автожанармай құю станциясын, асхана-кафе, қонақүй, автожуу және дөңгелек жөндеу станциясын салу үшін жер учаскесін немесе оны жалға алу құқығын беру тек сауда-саттық (конкурс, аукцион) арқылы жүзеге асырылады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Ағымдағы тендерлер мен мемлекеттік сатып алу конкурстары туралы қалай білуге болады?

    Жауап

    Ағымдағы тендерлер мен мемлекеттік сатып алу конкурстары туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алудың ресми порталынан табуға болады www.goszakup.gov.kz. порталдағы хабарландыруларды іздеу функциясы арқылы.

    ·
    Сұрақ

    Мектепте оқитын қай санаттағы оқушылар тегін тамақпен қамтамасыз етіледі?

    Жауап

    ҚР үкіметтерінің № 64 Қаулысына сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің мынадай санаттары тегін тамақ алуға құқылы: 1) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға; 2) жан басына шаққандағы орташа таб...

    ·
    Сұрақ

    Азаматтарды қабылдау орталығы туралы ақпаратты қайдан ала аламын?

    Жауап

    Азаматтарды қабылдау орталығы туралы ақпаратты келесі сілтеме арқылы көре аласыз: https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kokpekti/press/article/details/184559?lang=kk Азаматтарды қабылдау орталығы өз қызметін мемлекеттік органдардың халықпен өзара іс-қимылы үшін орталықтандыры...

    ·
    Сұрақ

    "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметі жайлы

    Жауап

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері: 1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы;2) "электрондық үкіметтің" www.​egov.​kz веб-порталы (бұдан әрі – портал); Онлайн қызмет алу үшін (портал арқылы «Электронды лицензиялау» www.license.kz) авторизациядан өт...

    ·