Мектепте оқитын қай санаттағы оқушылар тегін тамақпен қамтамасыз етіледі?

    ·
    Сұрақ

    Мектепте оқитын қай санаттағы оқушылар тегін тамақпен қамтамасыз етіледі?

    Жауап

    ҚР үкіметтерінің № 64 Қаулысына сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің мынадай санаттары тегін тамақ алуға құқылы:

    1) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;

    2) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балаларға;

    3) жетім балаларға және отбасында тұратын ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

    4) Төтенше жағдайлар нәтижесінде шұғыл көмекті талап ететін отбасылардан шыққан балаларға;

    5) білім беру ұйымының алқалы органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына (бұдан әрі – білім алушылар мен тәрбиеленушілер) беріледі.

    Білім беру ұйымының алқалы басқару органы Қамқоршылық кеңес болып табылады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Ағымдағы тендерлер мен мемлекеттік сатып алу конкурстары туралы қалай білуге болады?

    Жауап

    Ағымдағы тендерлер мен мемлекеттік сатып алу конкурстары туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алудың ресми порталынан табуға болады www.goszakup.gov.kz. порталдағы хабарландыруларды іздеу функциясы арқылы.

    ·
    Сұрақ

    Азаматтарды қабылдау орталығы туралы ақпаратты қайдан ала аламын?

    Жауап

    Азаматтарды қабылдау орталығы туралы ақпаратты келесі сілтеме арқылы көре аласыз: https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kokpekti/press/article/details/184559?lang=kk Азаматтарды қабылдау орталығы өз қызметін мемлекеттік органдардың халықпен өзара іс-қимылы үшін орталықтандыры...

    ·
    Сұрақ

    Мен жер телімін автожанармай құю станциясын, асхана-кафе, қонақүй, автожуу және дөңгелек жөндеу станциясын салу үшін жалға ала аламын ба?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 48-бабының 1-тармағына сәйкес, мемлекет меншігіндегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе оларды жалға алу құқығын беру сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) арқылы жүзеге асырылады. Бұл талаптар келесі жағдайларға қолдан...

    ·
    Сұрақ

    "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметі жайлы

    Жауап

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері: 1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы;2) "электрондық үкіметтің" www.​egov.​kz веб-порталы (бұдан әрі – портал); Онлайн қызмет алу үшін (портал арқылы «Электронды лицензиялау» www.license.kz) авторизациядан өт...

    ·