Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы

    Көкпекті ауданының әкімдігі

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңы 31 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңы 27 бабына сәйкес, Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
    2. Күші жойылды деп танылсын:

    1) Көкпекті ауданы әкімдігінің «Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» 2017 жылғы 18 мамырдағы № 131 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5056 болып тіркелген);

    2) Көкпекті ауданы әкімдігінің «Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» Көкпекті ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 8 мамырдағы № 131 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2020 жылғы 20 шілдедегі № 248 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7384 болып тіркелген).

    1. «Абай облысы Көкпекті ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Көкпекті ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

    3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Абай облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

    1. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау Абай облысы Көкпекті ауданы әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.
    2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Д. Оразбаев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Көкпекті аудандық аумақтық

    сайлау комиссиясы

    2022 жылғы 29 желтоқсандағы
    № 426 қаулысымен
    бекітілген

    Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы

    №

    Елді мекен атауы

    Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

    1.

    Көкпекті ауылы

    Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Абай облысы Көкпекті ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында, "Абай облысы Көкпекті ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Бос уақыт орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимараты жанында, Абай облысы білім басқармасының Көкпекті ауданы білім бөлімінің "Көкпекті орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанында

    2.

    Ұзынбұлақ ауылы

    ауылдық клуб ғимаратының жанында

    3.

    Ажа ауылы

    Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының "Көкпекті аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Ажа ауылының медициналық пункт ғимаратының жанында

    4.

    Шәріптоғай ауылы

    Абай облысы білім басқармасының Көкпекті ауданы білім бөлімінің "Шәріптоғай негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанында.

    5.

    Толағай ауылы

    Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының "Көкпекті аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Толағай ауылының медициналық пункт ғимаратының жанында

    6.

    Преображенка ауылы

    мәдениет үйі ғимаратының жанында

    7.

    Черноярка ауылы

    Черноярка ауылының бұрыңғы ауылдық клуб ғимаратының жанында

    8.

    Үкіліқыз ауылы

    Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының "Көкпекті аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Үкіліқыз ауылының медициналық пункт ғимаратының жанында

    9.

    Үлкенбөкен ауылы

    Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының "Көкпекті аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Үлкенбөкен ауылының дәрігерлік амбулатория ғимаратының жанында

    10.

    Жансары ауылы

    Жансары ауылының бұрыңғы мектеп ғимаратының жанында

    11.

    Ақтас ауылы

    Ақтас ауылының бұрыңғы мектеп ғимаратының жанында

    12.

    Шұғылбай ауылы

    Абай облысы білім басқармасының Көкпекті ауданы білім бөлімінің "І.Жансүгіров атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанында, Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының "Көкпекті аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Шұғылбай ауылының медициналық пункт ғимаратының жанында

    13.

    Мелитополь ауылы

    Мелитополь ауылының бұрыңғы медициналық пункт ғимаратының жанында

    14.

    Үлгілімалшы ауылы

    ауылдық клуб ғимаратының жанында

    15.

    Мамай ауылы

    Абай облысы білім басқармасының Көкпекті ауданы білім бөлімінің "Амангелді атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіжанында.

    16.

    Нұра ауылы

    Нұра ауылының бұрыңғы мектеп ғимаратының жанында

    17.

    Сүлеймен ауылы

    Сүлеймен ауылының бұрыңғы мектеп ғимаратының жанында

    18.

    Тассай ауылы

    Абай облысы білім басқармасының Көкпекті ауданы білім бөлімінің "Әуезов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанында, Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының "Көкпекті аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Тассай ауылының дәрігерлік амбулатория ғимараттарының жанында

    19.

    Қайнар ауылы

    Қайнар ауылының бұрыңғы мектеп ғимаратының жанында

    20.

    Ақсу ауылы

    Ақсу ауылының бұрыңғы мектеп ғимаратының жанында

    21.

    Үшкөмей ауылы

    Абай облысы білім басқармасының Көкпекті ауданы білім бөлімінің "Үшкөмей бастауыш шағын жинақты мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанында.

    22.

    Теректі ауылы

    ауылдық клуб ғимаратының жанында, Абай облысы білім басқармасының Көкпекті ауданы білім бөлімінің "Қ.Аухадиев атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанында

    23.

    Көкжайық ауылы

    ауылдық клуб ғимаратының жанында

    24.

    Ақ-ой ауылы

    Абай облысы білім басқармасының Көкпекті ауданы білім бөлімінің "А.С.Пушкин атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанында

    25.

    Қарамойыл ауылы

    ауылдық клуб ғимаратының жанында.

    26.

    Қарағандыкөл ауылы

    Қарағандыкөл ауылының бұрыңғы ауылдық клуб ғимаратының жанында

    27.

    Биғаш ауылы

    Абай облысы білім басқармасының Көкпекті ауданы білім бөлімінің "Биғаш негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанында, ауылдық клуб ғимаратының жанында

    28.

    Егінбұлақ ауылы

    ауылдық клуб ғимаратының жанында



    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Абай облысы Көкпекті аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың тіркеу қорытындысы туралы АҚПАРАТ

    Абай облысы Көкпекті аудандықмәслихатыныңдепутаттығына кандидаттардың тіркеу қорытындысы туралы АҚПАРАТ

    Көкпекті ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    «TULEK» ПОРТАЛЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

    Мемлекеттік қызметтің ашықтығын арттыру және оған қол жеткізуді жеңілдету мақсатында TULEK «Түлектерге арналған бос орындар» порталы іске қосылды. Портал жоғары оқу орындарының мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеуден...

    Көкпекті ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    АҚПАРАТ Абай облысы Көкпекті ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі 2026 жылғы қаңтар-қыркүйек үшін

    2026 жылғы 1 қыркүйектегі халық саны: 12 481 адам. Ауданның әкімшілік бөлінісі: 9 ауылдық округ, 28 ауылдық елді мекен. өнеркәсіп. Өнеркәсіп өнімінің өндіріс көлемі 1 514,6 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі - 54,3...

    Көкпекті ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Көкпекті ауданы бойынша 2026 жылдың 9 айында келіп түскен өтініштер туралы ақпарат

    2026 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Көкпекті ауданы бойынша барлығы – 398 өтініш келіп түсті. Келіп түскен өтініштердің бөлінісі төмендегідей: - аудан әкімі аппаратына – 186 өтініш - дербес бөлімдерге – 109 өтініш -...

    Көкпекті ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Абай облысы Көкпекті аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың ұсынылуы туралы АҚПАРАТ

    Абай облысы Көкпекті аудандықмәслихатының депутаттығына кандидаттардың ұсынылуы туралы АҚПАРАТ (2026 жылғы 29 қарашадағы сайлау) 2026 жылғы 27 қазандағы сағат 18.00-гі жағдай бойынша № р/р Аты-жөні, тегі Туған жылы...

    Көкпекті ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНІҢ ШЕКАРАЛАРЫ

    № 375 сайлау учаскесі Орталығы: Көкпекті ауылы, көшесі Абылай Хан, үй 46 Абай облысы білім басқармасының Көкпекті ауданы білім бөлімінің «Көкпекті орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. Шекаралары: Ш...

    Көкпекті ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    2026 кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізбесі

    Көкпекті ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    2026 кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізбесі

    Көкпекті ауданының әкімдігіЖарияланды: