Құрметті Жітіқара ауданының тұрғындары!

    Сіздерді ұлттық мереке - Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

    25 қазан - еліміз үшін тарихи маңызы бар ерекше күн. 1990 жылы дәл осы күні Қазақстанның тәуелсіздікке жету жолындағы маңызды қадамы болған мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылданды. Бұл оқиға халқымыздың берік, еркін және тәуелсіз мемлекет құру жолындағы тарихи таңдауын айқындады.

    Бүгінде Қазақстан – болашаққа нық қадам басып, халықаралық аренада беделін нығайтып, ауқымды өзгерістерді дәйекті түрде жүзеге асырып келе жатқан ел. Біз Отанымызды, оның жетістіктерін, бай тарихын және ең басты байлығы – өз еңбегімен оның бүгіні мен болашағын қалыптастырып жүрген адамдарды мақтан тұтамыз.

    Еліміздің дамуы мен өркендеуіне Жітіқара ауданы да лайықты үлес қосып келеді. Осында түрлі сала мамандары табанды еңбек етіп, экономика мен әлеуметтік сала дамып, маңызды жобалар жүзеге асырылып, елді мекендеріміз көркейіп, ажарлана түсуде. Әрбір жетістік – туған өлкеміздің игілігі мен әл-ауқаты үшін бәріміз бірге атқарып жатқан еңбектің нәтижесі.

    Қазақстан алдағы уақытта да қуатты, өркендеген және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет болып қала берсін, ал бейбітшілік, тұрақтылық пен келісім ортақ болашағымыздың берік іргетасы болсын!

    Құрметті жітіқаралықтар!

    Әр шаңыраққа зор денсаулық, молшылық, бақ-береке және ертеңгі күнге деген сенім тілеймін! Еліміздің, ауданымыздың жетістіктері еселеніп, Отанға деген сүйіспеншілік ұрпақтар сабақтастығын жалғап, баршамызды біріктіре берсін!

    Жітіқара

    ауданының әкіміА. Жаныспаев

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жітіқара ауданының әкімдігі" жаңалықтары