1 / 3
Абай атындағы мектеп-лицейінде «Адалдық – басты қағида» бірыңғай акциясы өтті. Акция адалдық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыптарына арналды.
Оқушылармен адалдықтың басты қағидасының мәні, адал емес жолды таңдаудың қандай салдарға әкелуі мүмкін екені туралы әңгімелестік. Сондай-ақ еліміздің «Адал азамат», «Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан» сияқты негізгі қағидаттарының маңызын талқыладық.
Кездесу соңында оқушылар түрлі сұрақтар қойды. Ең қызықты сұрақ қойғаны үшін 8 «Б» сынып оқушысы Сапарбаев Даниярға Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» кітабы табысталды.
Жас ұрпақтың кез келген заңбұзушылыққа қарсы болып, адал жолды таңдайтыны қуантады.








