Жітіқара ауданы әкімдігінің мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау қызметімен 2026 жылғы 20 қарашада сағат 15:00-де Жітіқара қаласы, Истай Ищанов көшесі, 13-құрылыс ғимаратының фойесінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын қамти отырып, тұрғын үйге мұқтаждарды есепке қою, мәліметтерді өзектендіру, кезектілікті сақтау, бас тарту үшін негіздер және тұрғын үйді қолдаудың қолданыстағы шараларын ұсыну мәселелерін түсіндіру бойынша «Көрсетілетін қызметті алушының бірыңғай күні» іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара аясында азаматтардың тұрғын үй заңнамасы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу тәртібі туралы мәселелер, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждарды есепке қою рәсімдері, тұрғын үйді жекешелендіру және басқа да мәселелер талқыланды.
Жоғарыда аталған іс-шараны өткізу мақсаты - Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасы аясында халықтың жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылы жасауы. Мемлекеттік қызметтерді алу тәсілдері және шағымдану тәсілдері туралы ақпарат беру. Мемлекеттік қызметті сапасыз көрсету кезінде бұзылған құқықтарды, бостандықтар мен заңды мүдделерді қалпына келтіру үшін жоғары тұрған органға жүгіну мүмкіндігі туралы түсіндіру.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









