1 / 6
25 қазан – Республика күні құтты болсын!
Тоқжайлау ауылында 25 қазан – Республика күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптейтін тағылымды сөздер айтылып, мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды. Сонымен қатар, бірқатар азаматтар марапатталып, өнерпаздар өз өнерлерін ортаға салды.
Республика күні – еліміздің мемлекеттілігін, бірлігі мен ынтымағын айшықтайтын маңызды мереке. Бұл күн – ата-бабамыз аңсаған азаттықтың, елдігіміз бен тәуелсіздігіміздің символы.
Баршаңызды ұлттық мерекемізбен шын жүректен құттықтаймыз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, көк туымыз әрдайым биікте желбіресін!
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз мәңгі болсын!








